Математика 2 класс на казахском

Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді тиянақтау.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

62 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді

тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: 1) өткен сабақтар бойынша оқушылардың білімін пысықтау.

2) математика пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

3) оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, ынтымаққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың түрі: ойын элементтері араласқан аралас сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі суреттер.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін аудару.

  1. Өтілгенді пысықтау.

«Кім тапқыр?» ойыны. Қандай сан жасырынып тұр?

1-есеп. Әр фигураның үйін тап.

*Сергіту сәті. Көгершінге ұқсайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Ұямызға қонайық

Есептеуді бастайық.

2-есеп. а) Есептің шартын оқу.

– Шартында не туралы айтылған?

– Не белгілі?

– Әткеншек теуіп жүрген бала саны және әткеншектен түскен бала саны.

– Есеп бізден нені сұрайды?

– Қанша бала қалғанын.

1) 10-7=3 2) жауабы: 3 бала қалды.

5-есеп. Мысалдар шығару. 9+9 9+8 9+7 9+6 9+5 9+4 9+3 9+2

8+8 8+7 8+6 8+5 8+4 8+3 8+2

  1. Қорытынды. Тест ұйымдастыру.

1.Шаршы дегеніміз не?

2.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

3.Қайсысы шаршы?

  1. Шаршының бір қабырғасы 3см болса, қалған қабырғалары нешеге тең болады?

4. Бағалау.

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. Екі амалмен шығарылатын есеп.
  2. Кестелік қосу, азайту жайында білімдерін тиянақтау
  3. Көпбұрыштың периметрі
  4. Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыш
  5. Тік төртбұрыш. Есепті әр түрлі әдістермен шығару.
  6. Тік төртбұрыштың периметрі
  7. Тік төртбұрыштың қасиеті. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
  8. Шаршы. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
  9. Қайталау. (+-9)
  10. Қатемен жұмыс. Білімді тиянақтау.

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса