Математика 2 класс на казахском

Екі амалмен шығарылатын есеп.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

38 Сабақ

Сабақ тақырыбы: Екі амалмен шығарылатын есеп.

Сабақ мақсаты: Екі амалмен шығарылатын есептің шығарылу тәсілін

меңгерту.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды саналылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу, сұрақ – жауап,талдау,іздендіру, дәлелдеу, өз бетінше жұмыс, көрнекілік әдістері.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

Санамақ.

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам , тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Оқулықпен жұмыс.

№1. Есептерді шығару. Салыстыру.

а)

Жүр еді – 12бала

Кетті – 2 ұл

Сырғанап жүр -? Бала

Шешуі: 12 – 2 = 10

Жауабы: 10 бала

ә)

Жүр еді -10 бала

Келді – 5 қыз бала

Барлығы – ? бала

Шешуі: 10+5 = 15

Жауабы: 15 бала

б)

Жур еді – 12

Кетті -2 ұл

Келді -5 қыз

Сырғанап жүр – ? бала

Шешуі: (12 – 2) + 5= 15

Жауабы: 15 бала сырғанап жүр.

№2.

Сатып әкелді – 6 және 4 шөлмек сусын

Ішілді – 7 шөлмек сусын

Қалды – ? шөлмек сусын

(6+4) – 7 = 3

Жауабы: 3 шөлмек сусын қалды

№3.

Өрнекті жазу және оның мәнін табу.

а – 2 , мұндағы а = 32; 59; 11.

32 – 2= 30 59 – 2 = 57 11 – 2= 9

№4 Өрнекті оқу және оның мәнін табу.

(7+2) +40=49

79 – (6+3)=70

(6+3)+50=59

(5+4)+30=39

97 – (4+3)=90

86 – (2+4)=80

№5. Өрнектеп көрсету.

90 мин = 1 сағ 30 мин 1сағ 10 мин = 70 мин

100 мин = 1 сағ 40 мин 1сағ 20мин = 80 мин

1 тәул. 1 сағ = 25 сағ 1сағ 9мин = 69 мин

№6. Өз бетімен жұмыс.

11 – 2 = 9 9 + 2 = 11

21 – 2= 19 19 + 2 =21

31 – 2 =29 29 + 2= 31

Үйге тапсырма: №4 2,3 –бағандар 69- бет.

Қорытындылау. Сұрақ – жауап.

Бағалау.

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. Білімді тиянақтау. Өзіндік жұмыс.
  2. Білімді тиянақтау.
  3. Кестелік қосу, азайту жайында білімдерін тиянақтау
  4. Көпбұрыштың периметрі
  5. Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыш
  6. Тік төртбұрыш. Есепті әр түрлі әдістермен шығару.
  7. Тік төртбұрыштың периметрі
  8. Тік төртбұрыштың қасиеті. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
  9. Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді тиянақтау.
  10. Шаршы. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса