Шаршы. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.

0
2078
науки информатики

51 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шаршы. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, математикалық

біліктерін, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге

деген қызығушылықтарын арттыру, зерделеу қиялын ұштап, білімін

шыңдау.

Сабақтың міндеттері:

1.Шаршы туралы мағлұмат беру, ерекшелігін анықтай және ажырата білуге үйрету; 2. Екі амалға берілген есептерді шешудің әр түрлі әдістерін талдайды және қосудың терімділік қасиетін пайдалану туралы қорытынды жасайды; 3. Өткен материалды қамтып, білім, біліктерін бекітеді.

Сабақтың түрі : Саяхат сабағы

Пәнарлық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, фигуралар,кеме,тұсбағдар,арал суреті.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін және қажетті құрал- жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

а) Үй тапсырмасын тексеру.

ә) Дидактикалық ойын «Эстафета ».Мұғалім оқушыларға тек қана жауапты жазуды ұсынады. Жұппен өзара тексеру.

2.Жаңа сабақ.

– Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарланады.

– Балалар, біз «Шаршы» аралына саяхатқа шығамыз. Аралға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-тапсырма. Оқулықтың суреті бойынша оқушыларға жұмыс жүргізіледі.

  1. Суретте қандай фигуралар бар?

  2. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыштарды тап.

  3. Олар қандай сандармен белгіленген?

Шаршының тік төртбұрыштан айырмашылығы мен ұқсастығы анықталады.

Шаршының барлық қабырғаларының тең болатындығы түсіндіріледі және дәлелденеді.

Нөмірлері 1 және 3 фигуралары – шаршылар (квадраттар)

2-тапсырма.

3-тапсырма.

Сыныпта 20 қыз бала және 10 ұл бала бар еді. Екінші тоқсанда тағы 4 оқушы келді.

Сыныпта неше оқушы болды?

Есепті әр түрлі тәсілмен шығар және шешуін түсіндіріп бер.

Қыз бала -20

Ұл бала – 10

Келді – 4

Барлығы – ? оқушы.

Шешуі: 1) 20+10=30 (о.)

2) 30+4=34 (о.)

Жауабы: Барлығы 34 оқушы.

4-тапсырма.

Қосындыларды салыстыр. Олардың мәндерін тап. Осыған ұқсас қосындылар құр.

50+10+20=80 50+20+10=80 20+10+50=80 20+50+10=80

5-тапсырма

3.Сергіту сәті.

6. Өзіндік жұмыс.

-өз жұмысын ортаға салып,көрсету кезінде әр топ есепті шығару барысын және шешуін толғырақ түсіндіреді.

4.Қорытындылау. Барлық тапсырмаларды орындап аралға да жеттік.

а) Үйге 93-бет, №3-тапсырма.

ә) Оқушыларды бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь