Математика 2 класс на казахском

Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыш

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

58 Сабақ

Сабақ тақырыбы: Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыш

Сабақ мақсаты: Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Тік бұрыш,сүйір бұрыш және доғал бұрыштың мәнді белгісін айқындау.

Дамытушылық: Логикалық ойлауды,зейінді дамыту

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының азаматтарын қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,ұжымдық.,практикалық..

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,СД-диск,кәмпиттер,тапсырмалы карточкалар..

Сабақ барысы:

1.Алғашқы ұйымдастыру.

Сәлеметсіңдер ме!Бүгінгі сабағымыз ерекше болады.Біз бұл сабақта есептеу дағдыларын қайталап,жаңа ұғым үйренуге және қазақ халқының салт-дәстүрлерін қайталауға тиіспіз.

2.Тірек білімді өзекті ету.

1.Ауызша жұмыс.

а) «Бесікке салу» дәстүрі.

– Бұл қандай дәстүр?(Анасы өзінің нәрестесіне бесік жырын айтады,онда баланың күшті,мығым болып өсуі,әйгілі,білімді адам болатыны айтылады).

– Ал енді,өрнектердің мәнін есептеп шығарыңдар:

а)5+2 3+3 6+4 5+5

6-2 10-2 9-3 8-4

11-2 12-6 15-7 18-9

9+7 8+8 8+3 7+6

ә) Салыстыр:

34+20 * 65-30 78-8 * 35-30 81-60 * 20+1

45-2 * 41+3 21+50 * 94-20 94+4 * 100-1

3.Жаңа білімді түсіндіру.

1.Жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы.

«Көкпар»

– Бұл қандай дәстүр? (Бұл той кезіндегі жарыс.Атқа мінген көкпаршылар бір-бірінен серкенің денесін тартып әкетеді.Серкені алдына өңгеріп,мәреге бірінші жеткен адам

жеңеді).

– Ал қазір барлық мысалдарды кім бірінші шешсе,көкпарда сол жеңеді.

Тақтада тапсырмалар: (балалар қатар бойынша орындайды).

1 – қатар : Фигуралардың «атын» ретімен тізіп жазады.

2 – қатар: Соған сәйкес фигураны сызады.

3 – қатар: Сол фигураға тән қасиетін атайды.

2.Ұжымдық талқылау.

– Ал сендер бұл мысалдарды қалай шеше алдыңдар?

Бұрыштар жөнінде қандай қорытынды жасауға болады?

Қ о р ы т ы н д ы : Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші.Доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен.

4.Білімді бастапқы бекіту.– «Шашу» деген қандай дәстүр?(Әжелер тәттілерді шашады,ал балалар теріп алады.Кім көбірек терсе,сол шапшаң).

– Мен сендерге кәмпит таратамын.Олардың ішінде тапсырмалар оралған.Сендер сол тапсырмаларды орындап,әрқайсысын тексерулерің керек.

№1.Тік бұрыштардың;сүйір бұрыштардың;доғал бұрыштардың нөмірлерін теріп жазу.

Сергіту сәті

Бас бармағым – алғашқы,

Балаң үйрек – жалғасы.

Ортан терек – ағасы,

Шылдыр шүмек – нағашы.

Кішкентай бөбек – балақан,

Бәріне ортақ алақан.

6.Өткен тақырыпты бекіту.

1.№2 есепті шығару.

«Айтыс».

– Бұл қандай дәстүр? (Халық ақындары арасындағы өзара жарыс).Сендер де осылай есеп шығарудан жарысасыңдар.

2 оқушы тақтада есеп шығарады,қалғандары дәптерлеріне орындайды.Қайсысы жеңетінін байқайық.

Таба нан – 65 тг. Таба нан – 65 тг.

Батон – ? 5 тг.арзан Батон – ? 5 тг.арзан

Шешуі: 65-5 = 60 (тг.) Барлығы – ? тг.

Жауабы: Батон 60 теңге тұрады. Шешуі: 65+(65-5) = 125 (тг.)

Жауабы: Барлығы 125 теңге тұрады.

№3. Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

«Кілем»

– Қазақстан өзінің зергерлік бұйымдарымен,кілемдерімен,әшекейлерімен,қару-жарақтарымен және үй бұйымдарн әзірлеумен әйгілі.

60+а а = 0;40;

60+0 = 60 60+40 = 100

60-а а = 60;0;

60-60 = 0 60-0 = 60

а-60 а =100;60;

100-60 = 40 60-60 = 0

№4.Өз бетінше жұмыс (карточкамен жұмыс)

«Бәйге».

– Бұл қандай жарыс екенін кім біледі? (Ат жарысы,оған қыздар да,жігіттер де қатысады)

– Карточкадағы тапсырмаларды орындағаннан кейін жеңімпаздарды көреміз.

Тапсырмасы бар карточкалар.

х+40 = 100 100-х = 40 х-40 = 60

7.Рефлексия.

– Жарайсыңдар!Осы сабақ үшін бәріңе рақмет.

– Өткен сабақтан кейін көңіл күйлерің қалай?

– Қай тапсырманы бәрінен шебер орындадыңдар?

8.Үйге тапсырма: №5,№6

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. Екі амалмен шығарылатын есеп.
  2. Кестелік қосу, азайту жайында білімдерін тиянақтау
  3. Көпбұрыштың периметрі
  4. Тік төртбұрыш. Есепті әр түрлі әдістермен шығару.
  5. Тік төртбұрыштың периметрі
  6. Тік төртбұрыштың қасиеті. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
  7. Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді тиянақтау.
  8. Шаршы. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
  9. Қайталау. (+-9)
  10. Қатемен жұмыс. Білімді тиянақтау.

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса