Кестелік қосу, азайту жайында білімдерін тиянақтау

0
801

63 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу, азайту жайында білімдерін тиянақтау

Сабақтың мақсаты: 1) тақырыпқа байланысты білімдерін бекітуге арналған есептер шығаруды меңгерту.

2) логикалық ойлау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту

3) адамгершілікке, сыйластыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс

Көрнекілігі: қима қағаздар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру.

-Біздің сабағымыз математика сабағы болғандықтан әртүрлі қызықты есептер шығару арқылы тақтадағы берілген дөңгелектегі жасырын сөзді табайық.

-Ал, сұрақтарға жауап берейік.

1. 3 жұмыртқа 15 минутта піседі. 1 жұмыртқа неше минутта піседі?

2. Алма ағашында 10 алма өсіп тұр. Ал шыршада одан 2-уі артық. Шырша ағашында неше алма өсіп тұр?

3. Ағайынды 7 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?

4. Ауладағы тауықтар мен бұзаулардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта өткен төртбұрыштың периметрін қалай табу керектігі туралы өткенбіз. Еске түсіріп өтеміз.

3.Тақырыпты пысықтауға есептер. Тақтадағы мысалдарды шығарып, шешуін өсу ретімен орналастырса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

(У) 5+10 (У) 35-5

(О) 15+15 (Й) 60-20

(С) 15+10 (А) 58-8

(Қ) 27+10 (Т) 35-5

(З) 90-30

(А) 75-5

*Оқулықпен жұмыс. 1-есеп.Жауабын ғана жазу

2+2 3+2 4+2 5+2 6+2 7+2 8+2

3+3 4+3 5+3 6+3 7+3

2-есеп. Жауабын ғана жазу

4-2 5-2 6-2 7-2 8-2 9-2 10-2

6-3 7-3 8-3 9-3 10-3

4-есеп. Шешімдері бірдей теңдеулерді табу.

Х+7=14 16-х=9 25-х= 20 х+24 = 25 х+6= 11 15-х= 14

*Сергіту сәті. Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

5-есеп. Өрнекті жазу, мәнін табу.

50ге 4 және 2 сандарының қосындысын қос.

а ға 5 және 3 сандарының қосындысын қос. а= 40

30ға а және 6 сандарының қосындысын қос. а= 2

3.Қорытынды. Жұмбақ есептер шешу.

Екі аяқ пен екі қол, Үшеуі аз деп балапан,

Бір ауыз бен бір тілің.. Қосты тағы үш балапан.

Нешеу болды кәне, бұл Табыңдаршы ойланып,

Санап шығар кім бұрын? Қанша болды балапан?

Он асықтың үшеуін, Бір-бірімен жарысқан,

Досың сұрап алады. Төрт аю, екі арыстан,

Айтшы, сонда нешеуі? Екі қоян, бір түлкі

Өз қолыңда қалады? Бәрі нешеу кім білді?

4.Бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь