Тік төртбұрыштың периметрі

0
1212
география

60 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың периметрі

Сабақтың мақсаты: 1) тік төртбұрыштың мәнді белгілерін анықтау және периметрін табу.

2) оқушының таным белсенділігін арттыру, ойын және математикалық тілін дамыту, игерген дағдыларын жетілдіру.

3) оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:фигуралар, сызбалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру. Тым еңкейме, қатты кетпе шалқаңа,

Салмақ салма, беліңе һам арқаңа.

Зейінді бол оқығанда, жазғанда,

Түзу, еркін, тыныш отыр партада.

2. Өткен сабақты пысықтау.

3. Жаңа сабақ.

– Оқушылар, бүгін біздің танысып үйренетініміз тік төртбұрыштың периметрін табу. Өткен сабақта үшбұрыштың периметрін қалай есептесек, төртбұрыштың периметрін табуда сол ережеге сүйенеміз.

Үшбұрыштың қабырғалары нешеу? Төртбұрыштың қабырғалары нешеу?

Төртбұрыштың қабырғаларын өлшейік. Оның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысын жазайық.

3см+4см+3см+4см=14(см) Бұл қосындыны және оның мәнін төртбұрыштың периметрі деп атайды.

А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр қатарға бір тапсырма беріледі.

1-қатарға. Берілген үшбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

2-қатарға. Берілген төртбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

3-қатарға. Шаршының қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

ә) «Теңге алу» ойыны. Тақтаға теңге ілінеді. Теңгеге жету үшін 3 қатардың оқушылары кедергілерден өту керек.Кедергілер-тапсырмалар. Қайсы қатардың оқушылары бірінші дұрыс орындайды, сол теңгені алады.

*Оқулықпен жұмыс. 1-есеп. Берілген төртбұрыш, шаршының қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

*Сергіту сәті. Екі қолды созып алға,

Деміңді ал дұрыстап.

Екі аяқты қосып бірге,

Денеңді тұр тік ұстап.

Бір,екі,үш,

Тізе бүкпей иілесің

Қиын санап шошыма.

Қолдың ұшын тигізесің

Аяғыңның басына.

3-есеп.Өрнекті жаз және оның мәнін тап.

а мен 30 санының қосындысы, мұндағы а =27; 8

а мен 6 санының айырмасы, мұндағы а = 76; 89

4-есеп.Теңдеулерді шеш. а+8=98 а- 5= 40

4. Сабақты қорыту. «Тез есепте» ойыны арқылы пысықтау.

Барлық қабырға тең екен, Бұрыштары тік болса,

Өлшеп көрсем төрт екен. Қабырғасы төртеуден.

Табуды біз үйрендік, Ұзындығы 3 болса,

Периметрі нешеге тең? Ені оның 2ге тең.

Есептеп сен айта ғой,

Периметрі нешеге тең?

Алдымда тұр үшбұрыш

Қабырғасы 4та 3.

Бұл есептің жауабын

Айтып берші, байқағыш?

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма.5-есеп. 109-бет

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь