Химиялық элементтердің валенттілігі.

0
1533
шрифт

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің валенттілігі.

Сабақтың мақсаты : Білімділік: Валенттілік туралы түсінік беру. Екі элементтен тұратын заттың берілген формуласы бойынша валенттіліктерін анықтауға үйрету. Дамытушылық: Валенттілік құра отырып ойларын тереңдетіп дамыту. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа, таза жазуға тәрбиелеу.

Құрал − жабдықтар: Химиялық таңбалар және элементтердің салыстырмалы атомдық массасы берілген кесте. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: өзіндік жұмыс.

Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық таңбасын білу, салыстырмалы молекулалық массаны анықтау, индекс, коэффициент, ең кіші ортақ еселік.

Білім мен біліктерін тексеру: Оқушылардың салыстырмалы молекулалық массаны есептеу біліктерін химиялық формула туралы түсініктерін тексеру және бекіту мақсатында құрастырылған 10−15 минутқа есептелген өзіндік жұмыс ұсынылады.

1 – нұсқа.

1.Химиялық таңбалар арқылы өрнекте: оттегінің бес молекуласы; оттегінің екі жеке атомы; оттегінің бір молекуласы; екі молекула оттегі;

2.Na2CO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

2 – нұсқа.

1.Төмендегі белгілер нені көрсетеді: 5Н; Н2; 7Н2;

2.HNO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

3 – нұсқа

1.Химиялық таңбалар арқылы жазып өрнекте: күкірттің бес атомы; сутегінің бір ,молекуласы; судың үш молекуласы; сутегінің үш молекуласы;

2.Н3РО4 химиялық формуласы нені көрсетеді?

4 – нұсқа

1.Төмендегі химиялық формулалар нені көрсетеді? 3О2; 5О; О;

2.Күкірт қышқылының химиялық формуласы – Н2SO4. Осы формула бойынша ,,,,,,,,,,,,қышқылдың сандық және сапалық құрамын көрсет.

Жаңа материалды оқыту:

1. Оқушыларды бейметалдардың сутекті қосылыстарының мысалында атом валенттілік терінің жаңа қасиеттерімен таныстыру. HBr, H2S, PH3, SH4, CH4, H2O, NH3. Валенттілікке анықтама бергеннен кейін, жоғарыда көрсетілген заттардың формулалары жазылып, оқушыларды бромның, күкірттің, фосфордың, кремнийдің, көміртегінің, оттегінің және азоттың валенттіліктерін осы элементтер мен қосылған сутегі атомдарының жалпы саны бойынша анықтауға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

2. Егер бір элементтің валенттілігі белгілі болса екінші элементтің валенттілігін табуға болатындығын Al2O3 мысалымен түсіндіреміз.

Оның алгоритмі ұсынылады. (мұғалім бұл алгоритмді кесте түрінде тақтаға іліп қоюына болады)

1. Қосылыстың формуласы жазылады: Al2 O3 ; ІІ

2. Қосылыстағы оттегі атомының валенттігі белгілі, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3 ;

3. Оттектің валенттігін оның индексіне көбейтіп, алюминийдің индексіне бөлу:

ІІ * 3 = 6; 6 : 2 = III; ІІІ ІІ

4. Қосылыстағы алюминийдің валенттігі үшке тең, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3;

Тұрақты және ауыспалы валенттілік туралы түсінік беріледі. Оқушыларға дәптеріне тұрақты валенттілік сақтайтын элементтерді жаздырамыз.

I – валентті Na, K, Ag, H; IІ – валентті Mg, Ca, Ba, Zn, O; III – валентті Al

Элементтердің ауыспалы валенттілік көрсететіндігін дәлелдейміз. FeCl2, FeCl3, SO2, SO3, PbO2, CO, CO2 қосылыстарын мысалға ала отырып, бұл заттардың аталуындағы ерекшелікті түсіндіреміз. Мысалы, көміртегі (II) оксиді, көміртегі (IV) оксиді.

Жаңа материалды бекіту: Формуласы бойынша химиялық элементтердің валентілі гін табуды үйрету мақсатында төмендегі жаттығулар орындатамыз. Төмендегі сутегі мен оттегінің үстіне рим цифры арқылы валенттілігі қойылған, қосылыстағы қалған элементтердің валенттілігін рим цифрымен жазып көрсетіңдер.

І нұсқа: H2, MgO, Al2O3, HCl, P2O5,

ІІ нұсқа: SiH4, Na2O, BaO, Ag2O, H2O,

ІІІ нұсқа: N2O5, NH3, MnO2, ZnO, N2O,

Егер бұл жұмысты оқушылар сабақта үлгере алмаса, үйде аяқтау тапсырылады.

Үйге тапсырма беру: §11. (1-10) Жұмыс дәптері.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь