Қышқылдардың химиялық қасиеті

0
786
иинформатика

Сабақтың тақырыбы

Қышқылдардың химиялық қасиеті

Сабақтың мақсаты. Оқушылар қышқылдардың металдармен әрекеттесуімен танысады. Валенттілік ұғымын дамыту.

Құрал –жабдықтар: Концентрлі қышқылдар мен ерітінділері / күкірт, тұз қышқылы/, мырыш, магний.

Оқушылар үстелінде: №13жұмысқа тиісті реактивтер мен ыдыстар.

Тірек білім мен біліктер: Қышқылдар, тұздар, құрамы, қышқылдың индикаторға әсері. Металдардың активтік қатары.

Қышқылдардың құрамы туралы білімін қайталау үшін мынадай тапсырма беруге болады. 1. Қышқылдарға, тұздарға қандай заттар жатады? 2.Тығыны бар екі пробиркада концентрлі хлорсутегі және күкірт қышқылы бар. Оларды қалай айыруға болады? 3.Екі стаканның қайсысында су, қайсысында қышқыл бар екенін қалай айырамыз? 4. Тәжірибе арқылы тұз қышқылының құрамына сутегі элементі бар екенін дәлелде. 5. Азот және фосфор қышқылдарының формуласын жаз, егер азот қышқылының қалдығы NO3 –бір валентті, ал фосфор қышқылының қалдығы -РО4 –үш валентті болса. 6. Қышқыл құрамындағы сутегі жай зат па, әлде элемент пе? 7.Мына заттардың тұздарды теріп жаз, қышқыл қалдықтарының астын сыз, валенттіліктерін көрсет. СиО, НNO3, Н2О, К2SO4, H2SO4, HCI, NaOH, KCI, H3PO4, AIPO4, Mg. Мына заттардың ішінен Си SO4, H2S, H2O, HCI, C иСІ2, H2SO4, Ca3 /РО4/2, HNO3, P2O5, HBr, NaOH, H2CO3 , Са/ОН/2, Н2SiО3 қышқылдарды теріп жазыңдар, төмендегі кестені толтырыңдар.

Қышқылдың аты мен формуласы

Құрамында оттегі бар

Құрамында оттегі жоқ

Бір негізді

Көп негізді

Азот қышқылы

+

+

Тұз қышқылының лакумус қағазымен сынағаннан кейін /лакумус қызарады/ магний жанқасын салдық. Біраз уақыттан кейін ерітіндісінің түсі неліктен өзгереді? Сұрақтың жауабын талқылағаннан кейін, мырыш пен күкірт қышқылының арасындағы реакция жасап көрсетеміз. Нәтижесі талданады. Барлық металдар сутегін бөліп шығарама? Осы сұраққа жауап ретінде оқушылар қышқылдардың металдарға әсерін негізделген зертханалық жұмыс жүргізеді. Оқушылар мыспен реакция жүрмейтін тәжірибе жүзінде көреді. Реакция теңдеулерін жазып, металдардың активтігін салыстырады да, қорытынды жасайды.

Зертханалық жұмысты қорытындылау үшін оқушыларға мынадай сұрақ қоюға болады: 1Фосфор қышқылымен а/ сынап; ә/ алюмиеий; б/ хром әрекеттесе ме? 2.Мүмкін болатын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

Үйге тапсырма. §31. 1 -4 –жаттығу.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь