Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар.

0
861

VI тарау. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және

периодтық жүйесі.

№1-інші сабақ тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар.

Оқыту мақсаты: Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің қажеттілігін көрсету,элементтерді металдар және бейметалл деп үлкен екі топқа бөлген жіктеудегі алғашқы қадамдармен таныстырып,оның жасанды екенін,екідайлы және ауыспалы қасиет көрсететін элементтер туралы түсінік беру. Оларды элементтердегі табиғитекке біріктіру мақсатымен таныстыру.

Реактивтер мен құралдар: Жаңа дайындалған мырыш,натрий гидроксидінің және тұз қышқылының ерітінділері,сынауықтар,сынауық тұрғы.

Көрнекі тәжірибелер: Екідайлықты дәлелдеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Сабақ тақырыптың маңызын айтудан басталады,одан соң әрбір ғылымның дамуына байланысты көптеген мәліметтер жинақталып, оны жіктеу,белгілі заңдылықтардың байланысын ашу қажеттілігі айтылады.

Химияда элементтер және олардың қосылыстары туралы білімнің жинақталуы ХІХ ғасырдың ортасында оларды ұқсас қасиеттеріне қарай топтастыруды қажет етті.Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің негізгі белгілерін атап көсету.Элементтерді жіктеу негізінде физикалық және химиялық қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік туа бастады. Нағыз металдарға негіздік оксидтер,оған негіздер сәйкес келеді.Ал нағыз бейметалдар ұшқыш сутекті қосылыстар түзеді,металдар ондай қосылыстар түзбейді.Содан кейін төмендегі эксперимент есептерді талдау:

1.Егер берілген зат суда ерімейтін болса,оның қышқыл екенін қалай дәлелдейміз? H2SiO3 –ұсыну.

2. Егер берілген зат суда ерімейтін болса,оның негіз екенін қалай дәлелдейміз? Сu(ОН)2-ұсыну.

Оқушылар төмендегідей қорытындыға келеді: а)нағыз металдың гидроксиді қыш- қылдармен әрекеттеседі,ал сілтімен әрекеттеспейді; ә)ал нағыз бейметалдан түзілген қышқыл сілтілермен әрекеттеседі,бірақ қышқылдармен әрекеттеспейді.

Кейбір элементтердің металға да,бейметалға да тән қасиет көрсетуіне қарай екідайлы қасиет көрсететіні белгілі болды.Оқушылардың алдында жаңа проблемалық сұрақ туады: ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,а)мырыш гидроксиді қышқыл болама,әлде негіз бола ма?

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,ә) Мырыш нағыз металға жата ма, немесе нағыз бейметалға жата ма?

Оқушыларға көрнекі тәжірибе көрсетіледі. Мырыш гидроксидінің қышқылда да,сілтіде де еріп тұз түзетіні түсіндіріледі. Оқушылар мырыш ауыспалы қасиет көрсететін элемент деген қорытындыға келеді.Бұл қасиет металдан бейметалға ауысатын өтпелі элементке тән. Оқушылар мырыш гидроксидінің қышқылмен,негізбен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады.

Бұдан кейін оқушыларға қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсететін гидроксидтер болатынын айта отырып,олардың негіздер мен қышқылдар туралы білімдерін қорытындылау мақсатында төмендегі кестені толтыруды ұсынамыз:

Қосылыстар

негіздер

Екідайлы гидроксидтер

қышқылдар

1.Қышқылмен әрекеттесуі.

2.Негізбен әрекеттесуі.

+

+

+

+

Оқушыларға оксидтер немесе гидроксидтері екідайлы болатын элементтердің өте көп екендігін айтамыз. Мысалы: Be,Zn,AI,Cr(III),As,т.б.Осыдан кейін химиялық элементтерді жіктеу үшін жасалған басқа да әрекеттермен таныстырамын. Валенттігі бойынша бөлу:

а) жоғары оксидтегі валенттігі бойынша;

ә) ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттігі бойынша;

Одан кейін төмендегі тапсырмалар беріледі:

1.BeO-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция теңдеуін құрастырыңдар.

2.Be(OH)2-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция теңдеуін құрастырыңдар.

3.Төмендегі айналымдардың теңдеулерін жазыңдар: Na2ZnO2

ZnCI2→Zn→ZnO→Zn(OH)2→Zn(NO3)2

Үйге тапсырма : §50 (1-6). Жұмыс дәптері.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь