Химиялық элементтердің электртерістігі.

0
17
информатика

VІІ тарау. Химиялық байланыс. Заттардың құрылысы.

№1 сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің электртерістігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атомдардың электртерістігі туралы және осы түсінік негізінде химиялық байланыстың түзілу табиғатын түсіндіру. Период және негізгі топша бойынша элементтердің электртерістігінің өзгеруімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, «Элементтердің салыстырмалы электртерістігі» кестесі.

Тірек білімі мен бірліктер. Физика мен химия курсынан атом құрылысы мен электрон туралы білім. (Ядро құрамы мен электрон заряды мен атом ядро құрамына кіретін бөлшектер, электрондық жұптасуы туралы түсінік)

Сабақ барысы : Оқушылардың атом құрылыс туралы білімін төмендегі сұрақтар негізінде пысықтаймыз.

  1. Атом қандай бөлшектерден тұрады?

  2. Электронның заряды қандай?

  3. Химиялық байланыс қандай жағдайда түзіледі?

  4. Атом құрылысы тұрғысынан элементтердің металдық және бейметалдық қасиеті немен анықталады?

Жаңа материалды оқыту: Электртерістік дегеніміз не?

1. Атомдардың басқа басқа элемент атомдарымен қосылысында көрсететін қасиеті;

2. Элемент атомының ядро заряды мен атом радиусына байланысты басқа элементтерден электрондарды өзіне тартып алу қасиеті;

Электртерістілік түралы түсінік – оқушыларға хим/байланыстар табиғатының мәнін түсінуге және ұғынуға көмектеседі. Электртерістіліктің абсолюттік мәні іс жүзінде қолдануға қиын тиетін сандармен анықталады, сондықтан ол салыстырмалы сандармен анықталады. Электртерістілік қатарымен таныстыру:

F,O,N,CI,Br,S,C,Se,I,P,As,H,B,Si,Sb

Солдан оңға қарай электртерістілік кемиді.

Металдар үшін электртерістіктің мәні екіден кем, ал бейметалдар үшін екіден жоғары. Период бойынша солдан оңға қарай электртерістік артады, ал негізгі топшада төменнен жоғары қарай артады. Осыған орай периодтық жүйеден кез келген екі элементтің қайсысының электртерістілігі күшті екенін айтуға болады.

ә) Элементтердің металға немесе бейметалға жататынын олардың атомдарының элек трондарды беру не қосып алу қабілеттеріне байланысты анықталады;

б) атомдары электрондарын оңай беретін элементтер күшті бейметалдық қасиет көр сетеді.

в) негізгі топшада жоғарыдан төмен қарай, яғни салыстырмалы атомдар массаларының өсуіне байланысты энергетикалық деңгейлер саны артады және ядродан валенттік электрондары атомнан оңай бөлініп шығады.

Электртерістілік түсінігін пайдалана отырып атомдар арасындағы химиялық әрекеттердің үш түрлі жағдайын түсіндіру:

1. Химиялық реакция – электртерістілік мәні өте алшақ элементтердің арасында жүреді, яғни сілтілік металдар мен галоген атомдарының арасында .

2. Химиялық реакция – электртерістілік мәні бірдей элемент атомдары арасында жүреді. Бұндай әрекеттесу бірдей атомдардан тұратын газ молекулалары арасында болады. Мысалы: H2, CI2

3. Химиялық реакция – электртерістілік мәні шамалас болатын элементтер атомы арасында жүреді. Мысалы: H2S, HCI

Оқушылардың білімін бекіту үшін тапсырмалар жұмыс дәптерінен беріледі.

Үйге тапсырма беру: §61 1-2 жаттығуларды орындау.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь