Химияның стехиометриялық заңдары.

0
1038
изучение информатики

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химияның стехиометриялық заңдары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атомдардың бір-бірімен белгілі қатынаста қосылатынын, оның анықтамасын, мазмұнын айтып беру. Дамытушылық: Оқушының өз ойын түсіндіріп,тақырыптың мәнін аша білуге дағдыландыру.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Күкірт ұнтағы, келі, прабирка, штатив, магний, суы бар ыдыс,химиялық элементтер таңбасы жазылған кесте.

Тірек білім мен біліктер : Атом, малекула, масса, физика курсынан атом- малекулалық ілімінің негізгі қағидалары.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін тапсырмалар беру:

Валенттілік деген не?

Валенттіліктің түрі қандай болады?

Бинарлы қосылыс деген не?

Молекула және атом деген не?

Оксид деген не?

Мысалы: Молекуласында екі атом фосфор және бес атом оттек тұрса, ондағы фосфордың валенттігін табыңдар.

Жаңа материалды оқыту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.

Неге темір сульфидін алатын тәжірибені жасағанда массасы 4г күкірт пен массасы 7г темір өлшеп алады?

Неге 9г темір алмайды?

Атом, малекула деген ұғымдарды пайдалана отырып, темір сульфидінің бір молекуласы түзілу үшін темірдің бір атомы мен күкірттің бір атомы әрекеттесетініне көңіл аударады. Демек темір сульфиді түзілу үшін кез келген массасын алғанда темір мен күкірттің бірдей атом саны қатысады. Егер Ar/Fe/=56, Ar/S/=32, онда олардың массаларының қатынасы мынадай: 56_32=7:4

Массасы 7г темірде болатын атом саны, массасы 4г күкіртте де болады. Темір сульфидін қандай әдіспен алса, оның құрамы бірдей. Темірдің (Fe) 7 массалық бөлігіне, күкірттің (S) 4 массалық бөлігі сәйкес келеді. Массасы, суда 8 массалық бөлік оттегіне 1 массалық бөлік сутегі келеді.

Атом – малекулалық ілім тұрғысынан алғанда заттың құрам тұрақтылық заңы былай түсіндіріледі: химиялық элемент атомдары бір-бірімен әрекеттескенде кез келген мөлшерде емес, түрақты бөліктері ғана әрекеттесіп, жаңа зат түзеді.

Бұл заңды 1806 жылы француз ғалымы Ж.Л.Пруст ашқан. Оқушыларға оқулықтан құрам тұрақтылық занының ережесін табу тапсырылады . Заттың (сапалық және сандық) құрам тұрақтылығына басқа да мысалдар келтіріледі. Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталады.

Жаңа материалды бекіту:

1. Төменде екі элементтен тұратын формулалар берілген, формулаларды көшіріп, осы қосылыстағы әрбір элементтің валенттілігін көрсетіп жазыңдар:

I нұсқа: CaCl 2 , ZnS , N 2 O 3 .

II нұсқа: Cu 2 S , NO 2 , ZnO

III нұсқа: H2 S , SO 2 , CuO

2. Қосылыстың сандық және сапалық құрамын біле отырып, формуласын құрыңдар және ондағы элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар:

а) бір атом күкірт пен үш атом оттегі;

ә) екі атом азот пен бес атом оттегі;

б) екі атом сутегі, бір атом көміртегі, үш атом оттегі;

3. Егер мыс пен оттегінің массалық қатынасы бірінші жағдайда 4:1, ал екінші жағдайда 8:1 болса, онда мыс оксидтерінің тиісті формуласын құрыңыз,

4. Формуласы СаСО3, кальций карбонатындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңыз. 5. Күкірттің әр түрлі SO2 және SO3 оксидтеріндегі күкірт және оттегі элементтерінің массалық қатынасын есептеңіз.

Үйге тапсырма беру. §13 1-8 жаттығулар.

Бағалау.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь