Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

0
2552
бактерии

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйрету.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2-кестені қолдану.Электрондық оқулық. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, жүйемен жұмыс.

Тірек білім мен біліктер : атом, салыстырмалы атомдық масса, химиялық элемент, массаның атомдық бірлігі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін тапсырмалар беру: Химиялық диктант жүргізу. Оқушыларға біршама элементтердің латынша айтылуын айтамын, ал олар дәптерге таңбаларын жазады:плюмбум,аурум,силициум,цинк,гидраргирум,купрум,гидрогениум, оксигени- ум, ферум,карбонеум,нитрогениум,станнум,аргентум т.б. Содан соң кейбір элементтердің оқылуын айтамын: эн,це,эс,о,аш,пэ,мыс,т.б

  1. Химиялық элементтердің таңбасын латынша белгілеуді ұсынған қай ғалым?

  2. Химиялық элемент ұғымын алғаш химияға енгізген ғалым?

  3. Химиялық элемент дегеніміз не?

  4. Молекула және атом дегеніміз не?

  5. Химиялық элементтерді неше топқа бөлеміз?

Жаңа материалды оқыту: Салыстырмалық атомдық масса. Vl сыныптың физика курсынан масса ұғымы белгілі екенін ескеріп, оларды мынадай сұраққа жауап беруін сұраймыз.

Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?

Атомдардың массасы өте кіші болғанымен олардың сандық мәні дәлдікпен анықталған. Мысалы ең жеңіл атом атом сутегінің атомдық массасы:

mа (H)=1.66*1024 г немесе 1,66*10 -27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

mа (O)=2.66*10-23 г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.

Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі, массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .

Массаның атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі атомның массасы:

2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі

20*10-26 =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.

Осы мәндір м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде relative- “салыстырмалы ” деген мағына береді ).

Мысалы оттегі үшін:

Ar=2.66*10-23 = 16

0.66*10-23

массасының атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған атомдар массасынан салыстырмалы атомдық массаның өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.

мысалы; mа (H)=1м.а.б. Аr (H) =1

та (O)=16 м.а.б. Ar (O ) =16

та (S)=32 м.a.б. Ar (S) =32

Демек сутегі атомның массасы көміртегі атомның массасына 1/12 бөлігіне тең екенін, ал оттегі ал оттегі атомның массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан ауыр екенін көрсетеді.

Жаңа материалды қорытындылау:

1. Мыс атомының оттегінен,күкірттен,сутегінен қанша есе ауыр екенін есепте.

2. Неге атомдық массаны салыстырмалы ұғымда айтады? Жауабын математикалық жолмен көрсетіңіз.

3. Магний атомының массасы көміртегі атомының массасынан неше есе артық?

4. Оттегі атомы массасынан салыстырмалы атомдық массасы көп болатын үш элементті (Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі таблицасынан) көрсетіңіз.

5. Қандай мақсатта химияға «салыстырмалы атомдық масса» ұғымы енгізілген?

6. Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не? Осы анықтаманы айқындайтын формуланы жазыңыз.

7. Салыстырмалы атомдық массалары 8 санынан кем болатын элементтерді атаңыз.

Үйге тапсырма беру. §8 1-10 жаттығу.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь