Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.

0
4325
фотошоп

Күні

Сабақтың тақырыбы: Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Белгілі валенттілігі бойынша екі элементтен тұратын заттың формуласын құрастыруға үйрету. Дамытушылық: Химиялық қосылыстардың формуласын құруға есептер шығара отырып ойларын терең дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал − жабдықтар: Химиялық таңбалар және элементтердің салыстырмалы атомдық массасы берілген кесте.

Сабақтың түрі: жеке жұмыстар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз еріктерімен жұмыс жасау.

Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық таңбасын білу,салыстырмалы молекулалық массаны анықтау, индекс, коэффициент, ең кіші ортақ еселік.

Оқушылардан валенттіліктің анықтамасын және бір, екі, үш т.б. валентілік, ауыспалы валенттік көрсететін элементтерді сұраймын. Содан соң оқушыларға химиялық элементтердің валенттілігін формуласы бойынша анықтау білігін бекіту мақсатында төмендегі жұмысты орындатамыз.

Төменде екі элементтен тұратын формулалар берілген, формулаларды көшіріп, осы қосылыстағы әрбір элементтің валенттілігін көрсетіп жаз.

І нұсқа: I ) Si H 4 , HCl, H2S; 2 ) MgO, H2O, N2O3,

ІІ нұсқа: 1) PH3, HI, H2O; 2) N2O5, Na2O, CaO,

I ІІ нұсқа: I) HBr, CH4, NH3; 2) Cu2O, BaO, NO 2 ,

Мұнан кейін екі химиялық элементтен тұратын қосылыстың формуласын валенттілігі бойынша құрастыру алгоритмін ұсынамыз:

1. Элементтердің таңбаларын жазу: FeO; CІO; III II VII II

2. Әрбір элемент белгісінің үстіне валенттігін қою: Fe O; Cl O;

3. Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу: 3*2=6 7*2=14

4. Қосылыстағы элементтер атомдарының қатынастарын табу: 6_3=2 14_7=2

6_2=3 14_2=7

5. Элементтердің индекстерін жазу: Fe2 O3 ; Cl2 O7 ;

6. Қосылыстың формуласын жазу: Fe2O3, Cl2O7

Оқушыларды осы алгоритм бойынша валенттілігі белгілі қосылыстардың формулаларын құрастыра білуге дағдыландыру үшін тапсырмаларды орындатамыз.

Мына элементтердің оттегімен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар

І нұсқа: Na, Cl (V), S(VI), Mg, ІІ нұсқа: Zn, H , Ba, S (IV) ,

IІІ нұсқа: N (V), AI, C (IV), P (V), IV нұсқа: Ag, Mn (IV), Fe (III), Ca.

1.Төмендегі формулалардан бір,екі,үш,төрт,бес, валентті элементтерді бөліп жазыңдар:

Na2O, HCI, CI2O 5 , PH3, Fe2O3; CrO3, MgO, ZnO, SiO2, As2O5.

2. Натрийдің, магнийдің оттегімен, сутегінің хлормен (І), азотпен (ІІІ), қосылыстарының формулаларын жазыңдар.

3.Мына металдардың хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар: алюминий; калий; мыс;

4.Натрийдің: күкіртпен (ІІ); азотпен (ІІІ), хлормен (І) қосылыстарының формулаларын жазыңдар.

5.Рим саны арқылы элементтердің валенттігің көрсетіңдер.

а) хлоридтерде, егер хлор бір валентті болса: AICI3, BaCI2, KCI;

ә) сульфидтерде, егер күкірт екі валентті болса: Na2S, ZnS, Cr2O3;

б) иодидтерде, егер иод бір валентті болса: AIJ3, CaJ2, KJ,

6.Темір – ауыспалы валенттілік көрсететін химиялық элемент. Темірдің (ІІ),(ІІІ) оттегімен, күкіртпен (ІІ), хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар.

7.Азот оттегімен қосылысында бірден беске дейін валенттілік көрсете алады. Азот оксидтерінің формулаларын жазыңдар.

8.Марганец оттегімен қосылыстарында 2,3,4,6,7 валенттілік көрсетеді. Марганец оксидте- рінің формулаларын жазыңдар.

9.Хлор оттегімен мынадай қосылыстар түзеді: СІО3, СІ2О, СІ2О7, СІО2. Әрбір қосылыстағы хлордың валенттігің есептеңдер және ең жоғары валенттігін анықтаңдар.

Үйге тапсырма беру: §12. (1-7) .

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь