Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.

0
1243

күні айы жылы

№2-інші сабақ тақырыбы: Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.

Оқыту мақсаты: Элементтерді алғашқы топқа бөлу,ұқсастығы мен айырмашылығы арқылы оларды сілтілік металдар,галогендер,халькогендер және инертті газдарға топтастыру.Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру.

Реактивтер мен құралдар: Сілтілік металдар,галогендер үлгілері,натрий,литий , су,стақан, сүзгі, индикатор, лабораториялық тұрғы, сіріңке.

Көрнекі тәжірибелер: Сілтілік металдар,галогендер үлгілері,cілтілердің сумен әрекеттесуі.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру : Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:

1.Химиялық элементтерді жіктеудің негізгі себебі неде?

2.Химия ғылымы дамуының бастапқы сатысында химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдарды айт.

3.Zn(OH)2 –нің екідайлы қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Тәжірибе жасау арқылы дәлелде.

4.Металдар мен бейметалдар оксидтерінің және екідайлы оксидтердің қандай қасиеттерін білесіңдер?

5.Бір оқушы тақтада элементтерді жіктеудің сызбанұсқасын сызып,оны түсіндіреді.содан кейін мына тапсырманы орындайды. №1 тапсырма.Мына өзгерістердің реакция теңдеулерін жаз:

BeO → Be(NO3)2 → Be(OH)2 → K2BeO2

Қалған оқушыларға екідайлы қасиет көрсететін оксидтер мен гидроксидтер туралы білімін бекіту үшін мына заттардың арасындағы реакция теңдеулерін жазуды ұсыну:

1-нұсқа. а) ZnO + HNO3; ә) ZnO + NaOH; 2-нұсқа. KAIO2 →AI(OH)3→ AI2O3→NaAIO2

б) Zn(OH)2 + H2SO4; в) Zn(OH)2 + KOH; ↓

AI(NO3)2

Жаңа сабақты әңгімелеуден бастау. Металдар,бейметалдар,ауыспалы элементтердің ішінде қасиеттері жағынан өте ұқсас элементтер кездеседі,сондықтан ерекше топқа біріктіру кажет болды. Мысалы,элементтерді төмендегі екі белгісі бойынша топқа біріктіру басталды: 1.Элементтердің оттекті қосылыстарындағы жоғары валенттігі;

2.Элементтердің ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттігі;

1-топ.R2O; Li Na K Rb Cs ІІтоп.RO; Mg Ca Sr Ba ІІІтоп.R2O3 B AI IVтоп RO2 C Si Sn

7 23 39 86 133 24 40 88 137 11 27 12 28 119

Алайда, бұл бөлінген топтарға ХІХғасырдың ортасында табылған 63 элементтің барлығы бірдей кірген жоқ. Әрбір топтағы элементтер қалғандарымен салыстырғанда өзгеше, ол бір-біріне тек жоғарыда көрсетілген белгілері бойынша ғана емес,сол сияқты оксидінің құрамы,қасиеті,гидрок- сидтері,тұздары бойынша да өте ұқсас болды. Олар көбінесе табиғатта бірге кездеседі,қосылыс тардан бірдей әдістермен бөлініп алынады.Сол сияқты әрбір топқа кіретін элементтерді атомдық массасының өсуі бойынша орналастырғанда белгілі бір заңдылықтар байқалады:

а)жай заттардың металдық қасиеттері артады;

ә)оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері артады;

б)ұшқыш сутекті қосылыстарының тұрақтылығы біртіндеп кемиді;

Көрсетілген топтарды табиғи тек деп атаудың басты себебі біріктірілген элементтер өте ұқсас. Осыдан кейін оқушыларды элементтердің табиғи ұяластарымен таныстырамын….

Тақырыпты қорытындылау үшін сілтілік металдардың және галогендердің табиғи топтарына

салыстырмалы сипаттама бере отырып,ұқсастығымен айырмашылығын ажыратуға үйрету.

Тапсырма: 1)Сілтілік металдар,галогендер,оттек және халькогендер тегіне жататын элемент- тердің физикалық және химиялық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.(кестелер бойынша:

2) С.а.м. өсуіне қарай физикалық қасиеттері қалай өзгереді?

3) Белсенділіктері қалай өзгереді?

4) С.а.м. өсуіне қарай химиялық қасиеттері қалай өзгереді?

Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар сілтілік металдар мен галогендердің физикалық қасиеттерін айтып,оларға тән химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлел- деуі қажет.

Дамытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар сілтілік металдарды және галогендерді,инертті газдарды өзара салыстыра білуі тиіс.

Үйге тапсырма: §51 (1-6). Жұмыс дәптері.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь