Химиялық элементтер,олардың таңбалары.

0
1265
метод печати

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер,олардың таңбалары.

Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға атом түріндегі химиялық элемент туралы алғашқы ұғымды түсіндіру. Дамытушылық: химиялық элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйрету.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Тәжірибе үстелінде мынадай жай ( мыс,күкірт, фосфор, мырыш ) және күрделі заттар ( мыс оксиді, су, мыс купорасы), заттар малекуласының үлгілері, металдар жинақтамасы, химиялық элементтердің таралу диаграммасы қойылады.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс : физика, биология

Тірек білім мен біліктер :: атом және атомдық масса.

Тірек білім мен біліктерді тексеру : Оқушыға жай және күрделі зат ұғымдарын ажырата білуі үшін төмендегі тапсырманы береміз.

1. Оқулықтан жай және күрделі заттқа берілген анықтаманы тауып, өз бетіңше қайталап айт.

2. Тақтада берілген төмендегі заттардың ішінен жай, және күрделі заттардың аттарын көшіріп жаз: алюминий, мыс оксиді, су, көмір қышқыл газы, оттегі, темір, темір сульфиді,сынап оксиді, азот.

Жаңа материалды оқыту: Оқушылардың судың және көмір қышқыл газының модельдері арқылы олардың құрамын қайталап талдап, бүкіл заттардың құрамын модел арқылы көрсету қолайсыз екенін түсіндіреміз. Одан кейін химиялық символиканың шығуының қысқаша тарихымен таныстырып, 3-4 элементтің таңбасын жазамыз. Оқушыларға мынадай тапсырма береміз: оқулықта берілген 2- кестемен зейін қойып таныс. Дәптрге а) металдың ә) бейметалдың таңбасын жаз және атауға жаттық. Оқушыларға химиялық элемент атомдардың белгілі бір түрі екендігін атап етіп, қазіргі кезде109 атомның түрі немесе элементтің түрі бар дейміз.Оқушылар назарын химиялық элементтің атом түрі ретінде жай заттарды құрайтынын, сонымен бірге күрделі босқа элементтермен бірге күрделі заттың құрамына ене алатындығын көрсетеміз .

Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдарын ажырата білуі үшін оқушыларға мынадай жаттығу орындатамыз.

Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір және зат ретінде, ал қайсысында темір элемент ретінде күрделі зат құрамында айтылады: а) темір сульфиді – бұл темір мен күкірттен құралған химиялық қосылыс: ә) таттың құрамында темір болады:б) сым темірден жасалады:в) темір ылғал ауада таттанады:

Жаңа материалды бекіту:

1.Тапсырманы орында: Оқулықтан 12-жаттығуды орындау.

2.Химиялық элемент және жай зат деген ұғымдарды ажырата білу үшін төмендегі тапсырманы орындатамыз. Мына сөйлемдердің қайсысында мыс жай зат, қайсысында химиялық элемент ретінде айтылады:а) мыс купорасының құрамында мыс болады: ә)сым мыс тан жасалған: б) мыс оксидінің құрамында мыс болады:в) мыс электр тогын жақсы өткізеді.

3. Мына элементтерді ата:

1 нұсқа: H, ……….. AІ……………. Na, ……………… N

2 нұсқа: S, ……….. Zn,………….. O, ……………… Mg

3 нұсқа: Ca, CІ, Fe, P

1.Магнийдің үш атомынан және азоттың екі атомынан тұратын қосылыстың формуласын жазыңыз. Осы қосылыстың салыстырмалық молекулалық массасын есептеп шығарыңыз.

2.Мына жазбадан нені көреміз: 5H2, 6С, 5S, P2O5, Cu, 2H2?

3.Бинарлы қосылыстың формуласын құрыңыз: темірдің екі атомына, оттегінің үш атомы сәйкес келеді.

4.Химиялық таңбаларды пайдаланып формулаларды жазыңыз: мыстың екі атомы; хлорсутектің үш молекуласы; судың бес молекуласы; азоттың екі атомынан тұратын бір молекуласы.

Үйге тапсырма беру. 8сыныпта өткенді қайталау. §1 1-10 жаттығу. .

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь