Қышқылдардың құрамы. Тұздар.

0
1925
редактор изображений

Сабақтың тақырыбы.

Қышқылдардың құрамы. Тұздар.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды жаңа қышқыл, тұз, индуктор ұғымдарымен таныстыру. Қышқыл қалдығының валеттілігін, тұздардың формуласын мен аттарын уйрету.

Құрал жабдықтар.Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, т.б. мырыш, магний, сутегі. Оқушы үстелінде: 12 –зертханалық жұмысқа керекті реактивтер мен ыдыстар.

Тірек білім мен біліктер: валеттілік, қышқыл, тұз, оксид, қышқыл қалдығының валенттілігі, валенттілігі бойынша тұздарды жаза білу, негізгі қышқылдарды атау.

Сабақты әнгімелесу түрінде жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақтар қойады:

1.Сендерге қандай жай заттар белгілі?

2.Қандай күрделі заттармен таныстыңдар?

3.Төмендегі заттар қандай кластарға жатады?

Na2O, CaO, AL2O3, H2O, CO2

/Формулаларды мұғалім тактаға жазады./

Сутегінің химиялық қасиетін қайталау мақсатында төмендегі тапсырмалаларды беруге болады.

Мына заттардың қайсысымен сутегі әрекеттесед:

О2, Н2О, СІ2, СиО, СО2, РвО?

Рекция теңдеуін жаз, реакцияның қай типіне жатқызасыздар?

2.Екі газ А және В берілген. А газы Б газында жанғанда бу пайда болады, оны суытқанда түссіз сұйықа айналады, осындай жағдай А газы қыздырылған мыс оксиді /ІІ/ арқылы өткізгенде /жібергенде/ де болды. А және Б газдарын тап. Жоғарыда құбылыстарды түсіндір, реакция тендеулерін жаз.

3. Мырыш пен тұз қышқылын әрекеттескенде алынған газды қатты қыздырған марганец /ІV/ оксиді арқылы өткіземіз. Қандай заттар түзіледі? Реакция тендеулерін жаз, реакцияның қай типіне жататынын көрсет. Қышқылдың құрамын оқып үйрету үшін кесте толтырамыз, онда бес бағна болады, қышқылдың формуласы /1./ қышқылдың аты /2./ қышқыл қалдығы /3/, тұздың осы қышқылы тән тиісті ата /4/, тұзға мысал, оның аты /5/.

Мұғалім мына қышқылдардың НСІ, Н2S, Н24,НNО3

формулаларын жазады. Бұл заттарды оксидтерге жатқызуға бола ма? Бұл қышқылдардың құрамында қандай ұқсастық бар?

Қышқыл қалдығы ұғымын түсіну үшін сутегі бөліну реакциясын еске түсіру қажет. Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде сутегі бөлінеді. Неліктен? Реакция теңдеуін бір оқушы тақтаға жазып, реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамын түсіндіреді. Оқушылар өздері қорытынды жасайды: металл қышқыл құрамындағы сутегін ығыстырып шығарады да, тұз түзеді. Тұз құрамына металл және қышқыл қалдығы кіреді. Мысалдар келтіріледі: Тұздың аты бойынша формуласын құрастр немесе берілген тұздың формуласы бойынша атын атаңдар: алюминий хлориді АІСІ3. Валенттілігі бойынша формуласын құрастыр. Сол сияқты темір сульфаты /ІІІ/ Ғе2/SO4/3, кальций нитраты Са/ Na3/2, барий карбанаты ВаСО3, натрий хлориді NaCI, т.б.

Мұғалім мынадай сұрақтар қояды. Құрамына қарап қандай күрделі заттарды қышқылдар, тұздар деп атаймыз? Қышқылдарды қандай қасиетіне сүйеніп жіктейміз? Оқушылар өздерінің тұжырымдарын айтады: екі қасиетіне сүйеніп, қышқылдарды екі топқа бөлеміз. Бірінші, сапалық жағы, құрамында оттегінің болу болмауы, екінші, сандық құрамы, қышқылдағы сутегінің саны . Кестені әрі қарай толтыра береміз. Қышқыл қалдығының төбесіне рим цифрмен валеттілігін қоямыз.

Мұғалім өзіндік жұмыс ретінде бірнеше тұздардың формуласын жазуды тапсырады: бірнеше қышқылдың натриймен, кальциймен формулаларын жаз, аттарын ата. Қышқылдардың индикаторға әсерін түсіндіру мақсатында зертханалық жұмыс жүргіземіз. Жұмыс нәтижесін кестеге түсіреміз.

Қышқылдардың қасиеттері

Қышқылдың аты және формуласы

Физикалық қасиеті, түрі, түсі

Ерігіштігі

Индикаторға әсері

Басқа қышқылдан айырмашылығы

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында бірнеше тапсырмалар орындатамыз.

1.Төменде көрсетілген заттардың ішінен қышқылдардың, тұздардың формулаларын теріп жаз, қышқыл қалдықтарының астын сыз, валенттілігін көрсет:

СиО, Н NO3, Mg, H2SO4, HCI, K2SO4,H2O, NaOH, KCI.

2.Көмір және кремний қышқылдарының формуласын құрастыр, олардың әрқайсысының қышқыл қалдықтарының валенттіліктері екіге тең.

3. Берілген қышқылдардың, қышқыл қалдығының валенттілігін табындар:

HNO3, H2SO3, HBr, H3PO4, H2CO3, KCI, H2SO4.

Үйге тапсырма. § 32, 33. 1,3,4 –жаттығулар.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь