Химия 8 класс на казахском

Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі. Алмасу реакциясы.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы

Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі. Алмасу реакциясы.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға қышқылдың металл оксидімен әрекеттесуін түсіндіру.Реакцияның жаңа типі –алмасу реакциясымен таныстыру.

Құрал –жабдықтар. Мыс /ІІ/ оксиді, күкірт қышқылының ерітіндісі, әк суы, мыс сульфатының/ кристалдары/ пробирка, спиртшам, сіріңке, шырпы. Оқушылардың үстелінде: 14 –зертханалық жұмысқа керекті реактивтер мен ыдыстар.

Тірек білім мен біліктер. Оксидттерді, металл оксидтерін, қышқылдарды, тұздарды ажырата білу. Алмасу реакциясы.

Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі.

1.Төмендегі заттар арасындағы реакция жүре ме: а/мырыш пен күкірт қышқылы; ә/ күміс пен фосфор қышқылы ; б/ магний мен тұз қышқылы; в/мыс пен тұз қышқылы? Жауабын түсіндіріндер. Жүретін реакция теңдеулерін құрастыр. Түзілген тұздардың атын ата.

2.Төмендегі реакцияларды аяқта. Реакцияның қай типіне жататынын айт: Ғе + S→, Н2SО4+Mg→, Н2О→

Zn+НСІ→ АІ+Н2S4→

3.Төмендегі жүретін реакция тендеулерін құрастыр:

H2SО4+Mg→ НСІ+АІ →

НСІ+Си → Н2SО4 +Нg→

Н2SО4 +Са→ НСІ+Аg→

Н3РО4+Аg→ Н3РО4+Nа→

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мынадай мәселелерді оқушылардан анықтау керек. 1. Реакциялардың қандай типтерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер. 2.Қышқылдағы сутегінің орнын күрделі қосылыстағы меалдар баса ала ма? Құрамында металл бар қандай күрделі қосылыстарды білесіндер? Металл оксидтері қышқылымен әрекеттесе ме?

Оқушылармен әнгімелесе отырып, 14 –зертханалық жұмыс барысы талданады. Жүргізген реакциялардың теңдеуін жазу керек. Бұл реакцияны бұрын танысқан реакция типтеріне жатқызуға бола ма? Алмасу реакциясына сызбанұсқасын келтіреді:

АВ+СД=АД+СВ. Содан кейін оқушыларға алған білімін бекіту үшін 5 – минуттық өздігінен жұмыс береміз.

І нұсқа

1.Тұз қышқылының а/ магний; ә/ магний оксидімен реакция тендеулерін құрастыр.

2.Төмендегі заттардың қайсысымен күкірт қышқылы әрекеттеседі:

СиО, Си, ZnO, НСІ?

ІІ нұсқа

Күкірт қышқылының а/магниймен; ә/ магний оксидімен реакция теңдеуін құрастр.

Төмендегі заттардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттеседі:

НgО, Нg, СаО, Са, Н2SО4?

Үйге тапсырма; §32,33. 2,3-жаттығу.

химия

 

Ещё уроки серии

Все 69 уроков
  1. Химиялық элементтердің электртерістігі.
  2. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.
  3. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы.
  4. Химияның стехиометриялық заңдары.
  5. Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергиялық деңгейлер.
  6. Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.
  7. Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.
  8. Қышқылдардың химиялық қасиеті
  9. Қышқылдардың құрамы. Тұздар.
  10. Қышқылдардың, жіктелуі алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы

Химия в 8 классе

Все предметы 8 класса