Математика 2 класс на казахском

Ұзындықты өлшеу.Метр.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

3-сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Ұзындықты өлшеу.Метр.

Мақсаты: Ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі метрді енгізу, оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән-жайымен таныстыру, ұзындықтың бірліктері м, дм және см-дің ара қатынасын тағайындау.

I.Ұйымдастыру сәті

Соғылды тағы қоңырау,

Қош келдіңдер сабаққа.

Қайталайық жаз бойы

Білгенің ұмыт қалмап па?

ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

Ойын: «Тізбекті жалға»

III.Жаңа материалмен жұмыс.

-Сызғышты алып, олар жолақшаның ұзындығын өлшейді. Не айтасыңдар? 10см болатын іріленген ұзындық бірлігі қалай аталады? (1дм=10см)

Оқулықпен жұмыс

№2. Жолақшалар көмегімен мектеп тақтасының ұзындығын өлшейді. Осы мәселені шешу кезінде адамдар ұзындық бірлігі – метрді ойлап тапқаны айтылады.


1дм=10см

1м=10дм

1м=100см


№3. Оқушылар сынық сызықтардың ұзындығын өлшеп, дәптерге жазады.

-Сынық сызықтың ұзындығын өлшеу үшін не істейміз? (Қосамыз)

-Қандай қорытынды жасаймыз?

Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның буындарының ұзындықтарын қосу керек.

2см+1см+2см+1см=6см т.с.с.

№5. Есепті нұсқалар бойынша шығарады. Салыстыра талдаудың нәтижесі алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей графқа түсіріледі.

№6. Тақтада түсіндіріле отырып орындалады.

Рефлексия.

№4. Топтық жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп, ұсынылған тапсырмаларды орындайды. Өздері үшін жаңа сызықты анықтайды. (Сынық сызық)

Қорытындылау.

-Бүгін қандай өлшем бірлігімен таныстыңдар?

-Естеріңде не сақталды?

-Сынық сызықтың ұзындығын қалай өлшейді?

-Осы білім өмірде қажет бола ма?

Үй тапсырмасы. 9-бет. №6 (ә)

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. Ондықтармен және бірліктермен санау.
  2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны.
  3. Салыстыру
  4. Қосуды тексеру.
  5. Азайтуды тексеру
  6. Бақылау жұмысы.
  7. Масса және оны өлшеу. Килограмм.
  8. Сыйымдылық және оны өлшеу. Литр.
  9. Көпбұрыш
  10. Тік бұрыш және тік емес бұрыш.

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса