Масса және оны өлшеу. Килограмм.

0
1026
текстуры

8-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Масса және оны өлшеу. Килограмм.

Мақсаты: Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі-масса жайында түсінік беру және оның бірлігі килограммен таныстыру, таразының көмегімен заттың массасын өлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру; бір амалмен шығарылатын есептер құрастыруды және шығаруды пысықтай түсу; әріпті өрнек және оның мәнін табуды қайталау;

I.Ұйымдастыру сәті.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Күзді қуана күтеміз,

Талмай еңбек етеміз.

Өнімді мол тереміз,

Пайдасын есептеп береміз.

II.Білімді өзекті ету.

-Күз байлығын теру үшін қайда барамыз? (Егістікке, баққа, бақшаға)

1)Ұзындық ұғымын қайталау;

А)Ауыл іргесіндегі бау бақшаға бару жолы берілген, жол ұзақтығын қалай есептейміз?

-Қандай ереже қолдандың?

-Ұзындықтың қандай өлшем бірлігін пайдаландыңдар?

-Ұзындықтың қандай бірліктерінбілесіңдер?

Ә) Бақты айналып, қоршау ұзындығын есептеп көр.

-Қоршау мен жол сызбасын қандай геометриялық фигурадеп атауға болады?

III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Бақтағы алма ағашынан әдемі екі алманы үзіп алдым. Кане ,екеуін салыстырып көрейік.Қолдарыңа алсаңдар, қандай да бір айырмашылықты аңғаруларың мүмкін,байқап көріңдер. Оқушылар екі алманы сипаттайды. Біреуі қызыл, домалақ, үлкен,салмағы ауырлау т.б.

Заттардың ауыр,жеңіл қасиеттері олардың массасын сипаттайды.

-Заттардың массасын өлшеуге бола ма?

-Сендер күнделікті өмірде массаны өлшеуді кездестірдіңдер ме?

Сонымен, балалар, күзде қандай өнім аламыз? (Астық, көкөніс, жеміс, жидек . . . )

-Оны қалай тереміз, қайтіп жинаймыз?

Сонымен, қапшық-қапшық не алдық? Картоп, сәбіз,…….

жәшік-жәшік . . . . . . . . . . . .

себет-себет . . . . . . . . . . . . .

шелек-шелек . . . . . . . . . . . .

-Балалар, берілген өрнектерді орындасақ, осы заттардың күнделікті өмірде қанша салмақ тартатынын білетін боласыздар.

IY.Оқулықпен жұмыс

№1,№2.-Балалар бақшамыздан не алдық?

Әрі қарай оқулық суреті бойынша талқылау жүргізіледі.

-Қарбыздың массасын қалай өлшейміз?

-Сендер таразының қандай түрін кездестірдіңдер?

-Қарбыздардың массалары туралы не айтуға болады?Салыстырыңдар.

-Ұнның массасы туралы не айтуға болады?

Таразы түрлері көрсетіліп, практикалық жұмыстар жасауға болады.

№3. Есептер шығару.

1)есептің қысқаша шарты

2)Есептерді салыстыру.

3)Есепті шығаруда амалды таңдап алуды не көрсетеді?

-Килограмдардың қосындысы нені білдіреді? Метрлердің ше? Сантиметрлердің ше? Дециметрлердің ше? Қандай қорытынды жасауға болады?

Y.Сергіту сәті.


Бау -бақшаға барайық,

Мол байлыққа қарайық.

Еңкейіп, тұрайық,

Оңға бір,

Солға бір,

Басымызды бұрайық.

Ысырапсыз өнімді,

Қоймаға жинап алайық.


YI. Өткенді қайталау және бекіту.Өзіндік жұмыс

№4,№5.Жұппен жұмыс. «Жолдасыңа түсіндір» Оқушылар кезектесіп, өрнектерді және жекеленген сандарды салыстыру барысын түсіндіреді.

Рефлексия.Шығармашылық тапсырма.

Ойын «Кім тапқыр?»

Ауыр салмақты және жеңіл салмақты аңдарды ата.

Үйге тапсырма.17-бет. №6

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь