Салыстыру

0
1153

4-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру

Мақсаты: Сәйкес сандарды, шамаларды, өрнектерді салыстырудың ерекшеліктерін көрсетіп, соның нәтижесінде тура теңдік пен теңсіздіктерді оқуға және жазуға машықтандыру.

I.Ұйымдастыру сәті

Бір бірімізге достық қарым қатынас және жақсы көңіл күй орнатайық. Бір біріңе күлімсіреңдер де, отырыңдар.

Қолдарың?

Орнында!

Аяқтар?

Орнында!

Шынтақтар?

Шетінде!

Арқалар?

Түп түзу!

ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

А)Логикалық есеп

Ешбір өлшеу құралын пайдаланбай, ұзындығы 4 м матаның 3 метрін қалай өлшеп алуға болады?

Ә)Тақтада ұзындықтары әр түрлі (5см, 8см, 10см, 100см) жолақшалар берілген.

– Осы кесінділердің ұзындығын қалай анықтауға болады?

– Оны қандай өлшем бірлігі көмегімен анықтаған қолайлы?

1дм = 10см

100 см = 10 дм = 1 м

Осы кесінділерді өлшеп, өзара салыстырайық.

5 см * 17 см 100 см * 10 см 1 дм 7 см * 5 см

17 см * 5 см 5 см * 1 дм 7 см 1 м * 1 дм 7 см

Өрнектермен жұмыс:

а – 4 5 + 2 9 – 2

Өрнектерді салыстыр, артық өрнекті алып таста. Негіздеп бер.

-Осы санды өрнектерге не ортақ?

III.Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

№1. Жұмыс тақтада алдын ала жазылып, дайындалған мәтінмен тізбектей орындалады.

№2.Бірінші бөлікте өрнекті оқиды: (50 + 20)

Өрнек қалай аталады? (Қосынды)

Мәнін тап. (70)

Екінші бөлігін де нұсқа бойынша орындайды.

Өрнектердің мәндерін салыстырады. (Салыстыру белгісін қояды.)

№4. Есепті нұсқалар бойынша шығарады. Салыстыра талдаудың нәтижесі алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей графқа түсіріледі.

-Қандай қорытынды жасауға болады?

(Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайтады.)

№5.Топпен жұмыс. Үйдегі топта оқушылар баған жаттығуларын орындайды. Ортақ парақ қағазда оқушылар кезектесіп бір санды теңдіктен жазады. Бүкіл топқа өзінің әрекетінің әр қадамын түсіндіреді. Нәтижені ұжым болып тексереді.

Рефлексия.

Шығармашылық тапсырма. Жұппен орындалады. Жұмысқа 3-4 минут уақыт беріледі. Шешу нұсқасы ұжым болып тексеріледі. Жауабы: кішісі 2 дәптер, ортаншысы 3 дәптер, үлкені 4 дәптер.

Үй тапсырмасы. 10-бет. №3.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь