Қосуды тексеру.

0
892
география

5-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қосуды тексеру.

Мақсаты: Қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайту қосуды тексеру тәсілі екенін аңғарту және сол тәсілді қолдану үлгісін көрсету; қосу мен азайту өзара кері амалдар екенін, өзара байланысын білдіретін қорытындыны жасату.

I.Ұйымдастыру сәті

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен-

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

Ойын: «Қосындының мәнін ата»

Сандар шашыратылып жазылған плакат оқушыларға көрсетіледі. Онда қызыл және көк түстілері бар. Оқушылардың міндеті – қызыл және көк түсті сандарды өз алдына қосып, олардың мәндерін атау. Мұғалім оқушылар жауаптарының нұсқаларын тақтаға жазады.

-Ойын барысында қандай арифметикалық амалдарды пайдаландық?

-Қосудың компоненттерін атаңдар.

III.Жаңа материалмен жұмыс.

-Күнделікті өмірде біз әр алуан амал-әрекет орындаймыз және олардың көпшілігіне кері амал-әрекет болады.

Анам жұмыстан келді.————————————————————————–

Марат кітаптың бетін ашты. —————————————————————–

Аружан сынып бөлмесіне кірді.————————————————————-

Самат үстелге келіп отырды. —————————————————————

(Осыған кері амал-әрекетке мысалдар келтіріледі)

-Барлық амал-әрекетке керісі бола ма?

-Сендер қалай ойлайсыңдар, сандармен кері амалдар орындауға бола ма?

Оқулықпен жұмыс

№1. Түсіндірмені тақтаға біртіндеп жазып,оқушылар өздігінен қорытынды жасауға талпындыру.

Қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайтқанда, екінші қосылғыш шығады. Ендеше, қосуды азайтумен тексеруге болады.

№2.Оқушылар тақтада өздігінен шығара отырып, қосу амалының азайтуға кері екендігі туралы қорытынды жасайды.

Қосу амалы азайтуға кері амал болып табылады.

№3. Оқушылар оқулық сұрақтарына кезектесіп бір-біріне жауап беріп, барлық мүмкін екі таңбалы сандарды жазады.

№5.Шешу нұсқаларын мұғалім тақтада графқа салып, талдап, үш есептің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, қорытынды жасайды.

№6. 1-3бағандарын түсіндіре отырып, тақтада орындайды.

Рефлексия.

Сергіту сәті

Күнмен бірге оянып,

Орман жаққа аттанам.

Жапырақтар астында,

Саңырауқұлақ қаптаған.

«Саңырауқұлақ жина» ойыны.

Күзгі орманнан саңырауқұлақ теріп жинаңдар. Кім көп жинар екен?

Тапсырма0л үшін қосуды кері амалмен алмастырып, мәнін тап.

Топтық жұмыс. №4. Жұмысқа 5 минут беріледі. Тапсырманы бірінші және екінші бөліктерін оқушылар жеке параққа түсті қарындаштармен орындайды. Оқушылар сызықтарды жіктемелейді, талқылайды, сұрақтарға жауап береді, сынық сызықтың ұзындығын табады. Жұмысты аяқтап, тақтаға іледі.

Қорытындылау.

-Сонымен, сынық сызықтың ұзындығын қалай табуға болады?

-Сынық сызыққа қатысты кері амал-әрекет орындауға бола ма?

-Қандай амал қосуға кері амал болып табылады?

Үй тапсырмасы.13-бет. №6 (4-6)

tyle� rripg �g 0cm;margin-bottom:.0001pt;line-height: normal’>№5.Топпен жұмыс. Үйдегі топта оқушылар баған жаттығуларын орындайды. Ортақ парақ қағазда оқушылар кезектесіп бір санды теңдіктен жазады. Бүкіл топқа өзінің әрекетінің әр қадамын түсіндіреді. Нәтижені ұжым болып тексереді.

Рефлексия.

Шығармашылық тапсырма. Жұппен орындалады. Жұмысқа 3-4 минут уақыт беріледі. Шешу нұсқасы ұжым болып тексеріледі. Жауабы: кішісі 2 дәптер, ортаншысы 3 дәптер, үлкені 4 дәптер.

Үй тапсырмасы. 10-бет. №3.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь