Азайтуды тексеру

0
1195
литература

6-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Азайтуды тексеру

Мақсаты: Азайту және қосу амалдарының өзара кері амалдар екенін тағайындау және осы амалдардың өзара байланысын білдіретін қорытындылар жасау. Азайту амалын қосумен және азайтумен тексеру тәсілдерінің қолданылу үлгісін көрсетіп беру; өзара кері есептерді шығаруды пысықтай түсу, геометриялық фигураларды бір-біріненажыратуға машықтандыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру жайындағы білімді бекіту.

I.Ұйымдастыру сәті

ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

А)Ауызша санау «Кім жүйрік?» ойыны.

Суреттегі мультфильм кейіпкерлеріне кері амалдарды орындап, межеге бірінші болып жетуге көмектесіңдер.

Ә)Екі кемеде отырған, Сөредегі сегіз ыдыстың,

Тоғыз кішкене балдырған. Біреуін алды Ырысты.

Алдыңғысында отырса екеуі, Нешеуі қалды сөреде,

Кейінгісінде отырар нешеуі? Тауып көрші, есепте.

9-2=7 8-1=7

Он жидек алды Асқар,

Бөліп жеді бәрін достар.

Нұрланға берді төртеу,

Қалғанын алды Төлеу.

Айтыңдаршы, есептеп,

Төлеуге тиді нешеуі?

10-4=6

III.Жаңа материалмен жұмыс.

-Бүгін біздің сабағымыздағы басты арифметикалық амал қандай амал?

-Азайту амалының компоненттерін атаңдар.

Оқулықпен жұмыс

№1.Түсіндірмені тақтаға біртіндеп жазып,оқушылар өздігінен қорытынды жасауға талпындыру.

Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда азайғыш шығады. Ендеше, азайтуды қосумен тексеруге болады.

Азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда азайтқыш шығады. Ендеше, азайтуды азайтумен тексеруге болады.

№2.Азайту амалын тексеру алгоритмін айта отырып, тақтада орындалады, қорытынды жасалады.

Азайту амалы қосуға кері амал болып табылады.

№3. Тақтада сан қатары түрінде талданып орындалады.

№4. Мектепке 30 ұл бала және 20 қыз бала қабылданды. Мектепке ұл балаларға қарағанда неше қыз бала кем қабылданды?

-Есептің сұрағы қандай?

(Мектепке ұл балаларға қарағанда неше қыз бала кем қабылданды?)

-Бұл сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?

(Жоқ)

-Ендеше, тік төртбұрыштың ішіне сұрақ белгісін жазамыз.

(?) (1-сурет)

-Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?

(Ұл бала мен қыз баланың санын)

Осыны сызба нұсқаға белгілейік. (2-сурет)

-Бұны қандай амалмен табамыз?

(Азайту амалымен) (3-сурет)

Екінші және үшінші есепте осы жолмен талданып, орындалады.

-Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

-Қандай қорытынды жасауға болады?

Азайту мен қосу өзара кері амалдар болып табылады.

Рефлексия. «Ата – әжеңмен хабарлас» ойыны

Ауылдағы ата-әжелеріңмен хабарласып тұру үшін байланыстың бір түрі – телефон. Жиі-жиі хабарласып тұру үшін телефон қажет. Сондықтан телефон сатып алыңдар.

Тапсырма: берілген амалдарға кері амалдар қолданып, өрнек мәндерін тап.

№6. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде беріледі. Орындау кезінде оқушылардың қандай деңгейде түсінгенін нақтылай түсу қажет.

– Қосуға кері қандай амал? Азайтуға ше?

-Азайтуды қалай тексеруге болады? Қосуды ше?

Үй тапсырмасы.15-бет. №5.