Ондықтармен және бірліктермен санау.

0
6
информатика

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Ондықтармен және бірліктермен санау.

Мақсаты:Ондықтарды, бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандарды; шығармашылық тапсырманы шешуді және мүмкін түсіндірме келтіруді топтың ішінде жалғастыру.

І.Ұйымдастыру сәті

Кел, балалар, келіңдер,

Есеп әлеміне еніңдер.

Қосу менен азайту

Теңдеу сырын біліңдер.

Ұзындық, масса, уақыт

Шамаларын табайық.

Күтеді қызық жұмыстар

Оқу жылын бастайық.

Оқулықпен танысу

-Оқулықпен танысып шығыңдар, авторларын атаңдар.

-Оқулықта қандай шартты белгілер қабылданған?

-Біз жаңа кітаппен таныстық. Кітап сендердің адал көмекшілерің болмақ, оны күтіп ұстаңдар.

ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

-Тақтаға «1» цифрын ілу және сұрақтар қою арқылы сипаттау.

-Осы сан туралы не белгілі? «Көршілер»

-Бұл неліктен бір таңбалы сан?

-Өмірде қайда пайдаланылады?

-Дүниеде тек қана бір саннан тұратын ұғымды табыңдар.(Күн, ай, жүрек, мұрын,бас т.б.)

-Сендер тағы қандай бір таңбалы сандарды білесіңдер?

натурал сан, 10———–

бір таңбалы, ————–

-Оларға не ортақ?

-Айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?

2. Ойын «Сен маған, мен саған»

(Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Бір топтағы балалар санды атайды, екіншілері сол санға

байланысты ондықтарын атайды.)

ІІІ.Қайталау.Оқулықпен жұмыс

№1. Көрнекілікке сүйеніп,бірліктермен санаудың және ондықтармен санаудың көмегімен сандарды шығарып алу тағы да еске түсіріледі және бекітіледі.

№2. Жұптық өзіндік жұмыс. Нұсқалар бойынша жұптар орындайды., әрі қарай оқушылар өзара тексеру үшін дәптерлерімен алмасады. Осыдан кейін мұғалім оқушылар жұмысын талдауы тиіс:

-Сендер қандай айырмашылық байқадыңдар?

– Неліктен 100 саны ешқандай топқа енбей қалды?

Сергіту сәті

Тақтамен жұмыс.

№3. Нұржан 10 жаста, ал Айдар 7 жаста. Нұржан Айдардан неше жас үлкен?

1

Есепті талдау, графтық моделін құру.

?

-Есептің сұрағы қандай?

(Нұржан Айдардан неше жас үлкен?)

2

-Бұл сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?

(Жоқ)

7

10

-Ендеше, тік төртбұрыштың ішіне сұрақ белгісін жазамыз.

(?)(1-сурет)

3

-Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?

(Айдар мен Нұржанның жасын)

Осыны сызба нұсқаға белгілейік. (2-сурет)

-Бұны қандай амалмен табамыз?

(Азайту амалымен) (3-сурет)

Екінші есепте осы жолмен талданып, орындалады.

-Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

-Қандай қорытынды жасауға болады?

(Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайтамыз.)

Шығармашылық тапсырма

Топтық жұмыс.Жұмыс уақыты 3-5 мин.Балалар 4 адамнан бір- біріне бұрылып, топ құрады. Жеке параққа түсті қарындаштарды пайдаланып, тапсырманың шешуі табылады.(Жауабы: 1-жасыл түс, 2-қызыл түс, 3-көк түс, 4-сары түс)

Рефлексия.

4. Мысалдар тақтада тізбектеле орындалады.

Сабақты қорытындылау.

-Бүгінгі сабақта нені еске түсірдік?

– Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін не істейміз?

-Сендерге бәрінен бұрын не ұнады?

Үйге тапсырма: 5-бет, «Гүлдер алаңы» мысалдарын шығару.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь