Қосу және азайту (50+3,53-3)

0
930
география

15-сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Қосу және азайту (50+3,53-3)

Мақсаты:Екі таңбалы санның ондықтарға және бірліктерге жіктелуі; санның ондық құрамы жайындағы білімге негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыра түсу. Көпбұрыштың түрлері жайындағы түсініктерді тиянақтай түсу, екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.

I.Ұйымдастыру сәті

Қазір жылдың қай мезгілі?

Айнала қандай түске боялған?

Күздің негізгі белгісі не? (сарғайған жапырақ, күзгі жаңбыр,т.б)

II.Тірек білімді еске түсіру

А)Ойын: «Жапырақ жинау»

Жапырақтардағы сандардың әрқайсысының ондықтары мен бірліктерін атап,

жапырақтарды жинау.

Ә)Арифметикалық диктант.

Мыналардан тұратын санды жазыңдар:

1онд. 5бірл.

1онд.8 бірл.

3онд. 6бірл.

5онд.2 бірл.

7онд.8 бірл.

Қандай сандар жазылды? Осы сандардың жазылуында әр цифр нені білдіреді?Осы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсет.

III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс.Күздің бүгінгі жаңбыры жаңа тақырыпты ала келіпті.


№1Санның ондық құрамыноқушылар өздігінен түсіндіріп береді. Ұжымдық түсіндірмеден кейін оқушылар әр баған мысалдарындағы бос тор көздерді өздігінен толтырады.

№2.

Ойын: «Қолшатырды пайдалан»

Күзгі жаңбырда қолшатыр өте қажет болады. Қолшатырды алу үшін салыстыруларды орындау керек.

Тізбек бойынша жалғаса орындалады.

№3. Есеп шешуі тақтада орындалады. Содан кейін оқушылар өздігінен кері есеп құрып, жазады. Оқушылар есептердің берілгенге кері екенін дәлелдейді.

№4,№5.Мына құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр.Оларға біз көмектесіп, берілген тапсырмаларын орындайық.

Тапсырма: Құстардағы цифрларды пайдаланып, мүмкін болатын екі таңбалы сандарды жаз және ондық пен бірлікке ажырат.

Суреттегі барлық көпбұрыштарды ата және топта.

Рефлексия.

Шығармашылық тапсырма.

Үй тапсырмасы.29-бет. №6

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь