Химия 8 класс на казахском

Химиялық формула бойынша есептеулер.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула бойынша есептеулер.

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік: Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық: Заттың Мr,күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: есептер шығару.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты үй жұмысын тексеруден бастау.

Төменде берілген заттарда элемент жайлы айтыла ма: а)оттек демалу үшін қажет; ә)оттек судың құрамына кіреді;

Оттек, натрий, күкірт, сутек, калий, көміртек элементтерінің таңбаларын жазып, оны оқып беріңдер.

Таблицаны толтыру:

Формулалар

4H2

3CH4

3FeCI3

2H3PO4

Коэффициенттер

Индекстер

Әр атомның жалпы саны.

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Оқушыларға белгілі заттардың химиялық формуласын және сол арқылы салыстырмалы молекулалық массасын, күрделі заттағы әр элементтің массалық үлесін табуға есептер шығарып үйрету.

1 . Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

М r(H2O) = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18

2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары массаларының қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m (А1) ׃ m (О) : m (Н) = Ar (А1) : 3Аг( O ) : 3 Ar (Н) = 27 : 48 : 3 = 9 ׃ 16:1 =15

Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы: m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

3. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий гидроксиді А1(ОН)3 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1) массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2) пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:

78 – 100 %,

3 •16 – у

3) Сутектің массалық үлесін z десек: 78 – 100 %,

3 • 1- z

Жауабы. ω (АІ) = 34,6%, ω (0) = 61,5%, ω (Н) = 3,9%.

Жаңа материалды бекіту мақсатында жаттығулар мен есептер жинағы бойынша есептер беріліп шығарылады.

Үйге тапсырма беру:§ 10. 1-63,1-64,1-65,1-77,1-111,1-112, 1-110. Есептер жинағы

Бағалау.

химия

 

Ещё уроки серии

Все 69 уроков
  1. Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар.
  2. Химиялық реакцияның жылу эффектісі.
  3. Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.
  4. Химиялық элементтер,олардың таңбалары.
  5. Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар.
  6. Химиялық элементтердің валенттілігі.
  7. Химиялық элементтердің электртерістігі.
  8. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.
  9. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы.
  10. Химияның стехиометриялық заңдары.

Химия в 8 классе

Все предметы 8 класса