Математика 2 класс на казахском

Санды өрнектерді салыстыру

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

18-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектерді салыстыру

Мақсаты: Санды өрнектерді салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға жаттықтыру; көпбұрыштың төртбұрыштарын тік бұрышпен салыстыруды, есеп құрастыру және шығаруды пысықтау; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыра түсу.

I.Ұйымдастыру сәті.

II.Тірек білімді еске түсіру.

А)«Үйдің нөмірін тап » ойыны

Өрнектердің мәндерін табу арқылы нөмірлерін анықтаңдар және ретімен санап шық.

Табылған сандардың көршілерін атау. Қосу мен азайтудың компоненттерін дұрыс қолдануға байланысты жұмыстар жүргізу.

№1.Мұғалім басшылығымен ауызша орындау. Теңдеуді сынап көру тәсіліменшешу барысында есептеулер жүргізу біліміне машықтандыру.

III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

№2.Жұмыстың бірінші кезеңі талдауретінде өтеді, оқушылар оқулық сұрақтарына жауап береді.Санды өрнектерді салыстыру ерекшеліктері туралы қорытынды жасайды.

№3. Бекіту жұмысы. Жазуларды орындау. Өзара тексеру. Қателерді талдау.

№4. «Сандарды тап»ойыны.


№5.А)нұсқасын ауызша орындап, Ә) нұсқасын құру және шығару ұсынылады.Өзара тексеру, шығару нұсқаларын талқылау, кеткен қателерді талдау жұмыстары жүргізіледі.

№6. Топпен жұмыс.Уақыт 2-3 минут. Оқушылар жеке парақ қағазға тапсырманы кескіндеп орындайды. Оқулық сұрақтарына жауап береді.Өз жұмыстарын ортаға салып, көрсетіп береді.

Рефлексия.

Ойын: «Теңге алу»

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – теңге алу. Сандыөрнектері бар теңгелерді жиып ал.Өзара салыстыр.

Үй тапсырмасы. 35-бет. №7

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. 16-сабақ.Қайталау
  2. Санды және әріпті өрнектер.
  3. 19-сабақ. Қайталау
  4. Санды теңдіктер және теңсіздіктер.
  5. 21-сабақ.Қайталау
  6. Уақыт және оны өлшеу.Сағат (сағ). Минут (мин).
  7. Тәулік. Жыл. Ғасыр.
  8. Амалды орындаудың рет тәртібі.
  9. Өзіндік жұмыс
  10. Қосу мен азайту 23+2 25-2

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса