53. Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері.

0
831
программы

Сабақтың тақырыбы:53. Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері.

Мақсаты: Оқушыларға Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдерін түсіндіру, меңгерту.Есеп шығару,амалдарды орындау. Ой өрісін дамыту.Өздігінен түсініп орындау дағдысын жетілдіру.Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Оқыту әдісі: дамыта оқыту

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта кітапхана ресурстары

Сабақтың барысы : 1 деңгей. Білім.

Тіктөртбұрыштың периметрін тап.Неліктен осы тік төртбұрыштың периметрін былай табуға болады ( 3см + 1см) *2 ?

3см

1 см

Тіктөртбұрыштың периметрін былай табуға болады:

1-тәсіл:оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2-тәсіл:оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2-ге көбейту арқылы.

Шаршының периметрін былай табуға болады:

1-тәсіл:оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2-тәсіл:оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту .

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

2 деңгей. Түсіну.

№ 3. Тік төртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен тап:

15 см

3 см

№ 4 Шаршының периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы тап.

3 см

3деңгей .Қолдану.

№12 Ұзындығы мен ені:

1.5см және 4см;

2.7см және 1 см;

3.3см және 6 см болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.

Қабырғасының ұзындығы 3 дм болатын шаршының периметрін тап.

Қабырғаларының ұзындықтары 3см,4см,5см болатын ұшбұрыштың периметрін тап.

Талдау.

Есептер шығару № 8

1.Құрастырмада 42 текше бар. Үш бала осы текшелерден үй құрастырды.Әрқайсысы іргетас салуға 4 текшеден алды, қалған текшелер үйдің шатырына, қабырғаларына жұмсалды..Үйдік шатырына және қабырғаларына неше текше жұмсалды?

5 деңгей .Жинақтау.

№ 9 Амалдарды орында:

1км – 260м 3дм 8 см + 48 см

3ц – 160 кг 5м 6дм 4см-175 см

1м – 36 см20 кг + 189 кг

6 деңгей .Бағалау