Математика 3 класс на казахском

53. Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы:53. Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері.

Мақсаты: Оқушыларға Тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдерін түсіндіру, меңгерту.Есеп шығару,амалдарды орындау. Ой өрісін дамыту.Өздігінен түсініп орындау дағдысын жетілдіру.Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Оқыту әдісі: дамыта оқыту

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта кітапхана ресурстары

Сабақтың барысы : 1 деңгей. Білім.

Тіктөртбұрыштың периметрін тап.Неліктен осы тік төртбұрыштың периметрін былай табуға болады ( 3см + 1см) *2 ?

3см

1 см

Тіктөртбұрыштың периметрін былай табуға болады:

1-тәсіл:оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2-тәсіл:оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2-ге көбейту арқылы.

Шаршының периметрін былай табуға болады:

1-тәсіл:оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;

2-тәсіл:оның бір қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейту .

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

2 деңгей. Түсіну.

№ 3. Тік төртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен тап:

15 см

3 см

№ 4 Шаршының периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы тап.

3 см

3деңгей .Қолдану.

№12 Ұзындығы мен ені:

1.5см және 4см;

2.7см және 1 см;

3.3см және 6 см болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.

Қабырғасының ұзындығы 3 дм болатын шаршының периметрін тап.

Қабырғаларының ұзындықтары 3см,4см,5см болатын ұшбұрыштың периметрін тап.

Талдау.

Есептер шығару № 8

1.Құрастырмада 42 текше бар. Үш бала осы текшелерден үй құрастырды.Әрқайсысы іргетас салуға 4 текшеден алды, қалған текшелер үйдің шатырына, қабырғаларына жұмсалды..Үйдік шатырына және қабырғаларына неше текше жұмсалды?

5 деңгей .Жинақтау.

№ 9 Амалдарды орында:

1км – 260м 3дм 8 см + 48 см

3ц – 160 кг 5м 6дм 4см-175 см

1м – 36 см 1ц 20 кг + 189 кг

6 деңгей .Бағалау

 

Ещё уроки серии

Все 70 уроков
  1. 51. Екі амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті.
  2. 52. Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті.
  3. 54. Баға, сан, құн шамалары
  4. 55. Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік
  5. 56. 5-ке көбейту және бөлу кестесі
  6. 57. Санның бөлігі
  7. 58. Санды өрнектер
  8. 59. Әріпті өрнектер
  9. 6. Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер
  10. 60. Көбейту мен бөлуге берілген есептер

Математика в 3 классе

Все предметы 3 класса