9 санын қосу және азайту.

0
717

56 Сабақ

Сабақ тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.

Сабақ мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу,екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу,талдау,өз бетінше жұмыс

Сабақ көрнекілігі: жолақшалар,оқулық,кесте

Сабақ барысы:

Алғашқы ұйымдастыру.

1-кезең.Бағдарлау-мотивациялық кезең.

. Психологиялық сәт.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “9 санын қосу және азайту “.Біз тоғыз өткелден

өтіп,білімізді көрсетейік.

2.Операциялық-орындаушылық кезең.

1 – өткел. ” Қайталау – білім анасы”.

№ 3.Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру.Түсіндіре отырып орындату.

. Ауызша шығару.

8+8 7+7 6+6 8+6

9+8 8+7 7+6 9+6

2 – өткел. “Білімді өрге жүзеді”

. Жаңа білім

(Жеке шаршылардың онынан құрастырылған жолақшаны ондықтың баламасы ретінде

қолданамыз.Әр шаршы жекелеген бірліктерді білдіреді.Бір жолақша және сегіз жеке шаршы – бір ондық және сегіз бірлікті,яғни он сегіз санын білдіреді.)

9+9 = 18 18-9 = 9

(9+1)+8 = 18 (18-9)-1 = 9

3 – өткел. “Білгің келсе,тауып көр”.

№1.Өрнекті жаз және мәнін тап.

(9+1)+8 = 18

(18-8)-1 = 9

4 – өткел. “Қасиетті ұғымдар”

9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі.9 санының қасиетіне тоқталсақ,ана

құрсағындағы нәресте тоғыз ай,тоғыз күн өсіп жетіледі.Бұл сан адамның ғұмырында

пайдаболып,жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі.9 өмірге адамды әкеледі.Ол үш үштіктен құралған.Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған,олардың салт-

дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.(тоғыз

шелпек,тоғыз құмалақ,қалың малға үш тоғыз,т.б.)

5-өткел. “Мағынаны таныту”

№2.

Марғұлан – 10 к.

Арман – сонша

Барлығы – ?

Шешуі:10+10 = 20

Жауабы: Екеуі барлығы 20 кітап сатып алды.

6-өткел. “Ойлана біл!”

№3.

Бар еді – 9

Сыйлады – 9

Қалды – ?

Шешуі: 9-9 = 0

Жауабы: Қаламқаста 0 диск қалды.

Сергіту сәті

Бір – иілеміз,шалқайамыз,

Екі – алақанды үш соғамыз.

Басымызды үш изеп,

Төрт дегенде қол созамыз.

Бес,алты дегенде

Орнымызға отырамыз.

7-өткел. “Бірлік бар жерде ,тірлік бар” – жұптық жұмыс

№4

Сатып алды – 20 және тағы сонша

Берді – 50 тг.

Алуы керек – ?

Шешуі: 50-(20+20) = 10

Жауабы: Ол 10 теңге қайтарып алуы керек.

8-өткел. “Ойлан,тап” – өз бетінше жұмыс.

№6

7+6 =13 13-6 = 7

17+6=23 23-6 = 17

27+6=33 33-6 = 27

37+6 = 43 43-6 = 37

47+6 = 53 53-6 = 47

57+6= 63 63-6 =57

67+6 = 73 73-6= 67

77+6 =83 83-6 = 77

87+6 = 93 93-6 = 87

9-өткел. “Сөз құрастыр” ойыны

14-9 12-6 13-5 6+5 7+5 8+5 9+7

5 6 7 11 12 13 16

Қ О Қ И Қ А З

3.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

– Міне,біз де барлық өткелден өтіп,берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.

– Біз бүгін сабақта немен таныстық?

– Сабақта жаңадан нені білдіңдер?

4.Үйге тапсырма. №5.