Математика 2 класс на казахском

8-ді қосу және азайту.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

54 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: 8-ді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Ондықтан аттап 8-ді қосу және азайтумен таныстыру.

Білімділік: 8-ді қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнек-

термен, есептеулермен байланысты іс-әрекеттерге қолдануға машықтандыру.

Екі амалмен шығарылатын есепті» сонша» ұғымымен байланыстырып шыға-

руға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Әдіс –тәсілдері: түсіндірмелі, ойын, сұрақ –жауап.

Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта

Барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.№5 тапсырма тексеріледі.

ІІІ.Өткен тақырыпты еске түсіру.

« Жұбын тап» дидактикалық ойыны: 16 дегеніміз 8 және …..

14 дегеніміз 7 және ….

13 дегеніміз 9 және т.сс

ІV .Жаңа білімді меңгерту.

№1 тапсырманың а)бөлігіндегі түсіндірмені интерактивті тақтадан көрсете отырып 8-ді қосу және азайту түсіндіріледі.

8-ге 8-ді қосу үшін 8-ді 10-ға толықтырамыз, қалғанын қосамыз.(8+2+6 =16)

16-дан 8-ді азайту үшін, алдымен 6 бірлік, сосын 10-ның 2-еуін азайтамыз, сонда 8 қалады.

ә ) бөлігі 8-ді қосу , азайту кестесіне сүйеніп орындалады.

№2 Математикалық диктант түрінде орындалады.

(8+2)+6 (9+1) +7

(16 -6) -2 (17 -7 ) -1

Сергіту сәті.

№3 Тапсырма ауызша орындалады.

1-ші бөлігі есеп емес. Өйткені амал орындалмайды.

Болды-100 өгізше

Сатылды – сонша (100)

Қалды -?

Шешуі: 100-100 = 0

№ 4 бірінші бөлігі есеп.

Болды -6 трактор

Берілді-сонша (6)

Барлығы -?

Ш: 6+6 12 Жауабы:12 трактор болды

№6

Комбайн – 10 барлығы ? комбайн мен трактор

Трактор – 6 , тағы сонша берілді

Шешуі: 10+(6+6) 22 Жауабы: барлығы 22 комбайн мен трактор

V. Бекіту. Үлестірмелі парақшалар арқылы

1) 17-8 12 8 8+7

12-8 15 9 6+8

15-7 14 4 4+8

Мысалды сызық арқылы жауабына қосу.

2) Мына өрнектің мәнін тап:

10-8

а) 4 ә)3 б) 2

VІ. Үйге тапсырма :№6 97 – бет

VІІ. Бағалау

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. 6-ны қосу және азайту
  2. 7 санын қосу және азайту. Өзіндік жұмыс.
  3. 9 санын қосу және азайту.
  4. Бақылау жұмысы
  5. Білімді тиянақтау
  6. Білімді тиянақтау. Өзіндік жұмыс.
  7. Білімді тиянақтау.
  8. Екі амалмен шығарылатын есеп.
  9. Кестелік қосу, азайту жайында білімдерін тиянақтау
  10. Көпбұрыштың периметрі

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса