Математика 2 класс на казахском

7 санын қосу және азайту. Өзіндік жұмыс.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

47 Сабақ

Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту. Өзіндік жұмыс.

Мақсаты: 7 санын қосу және азайту жолдарымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: 7 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерін түсіндіру. Өз бетімен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау, тез, шапшаң есептеу дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасын тексеру. №6 (83 бет)

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. 7 санын қосу және азайту.

7-ге 7-ні қалай қосу керек?

7+7=

(7+3) +4=14

14-тен 7-ні қалай азайту керек?

14-7=

(14-4)-3=7

Қосу кестесі

7+7

8+7

9+7

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

№1

– Интерактивті тақтадан дұрыс жауабын көрсету арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

(7+3)+4=14

(14-4)-3=7

(8+2)+5=15

(15-5)-2=8

(9+1)+6=16

(16-6)-1=9

№4

Бірінші жәшікте 30 кг сары май бар, ал екіншісінде одан 5 кг сары май артық. Екі жәшікте неше килограмм сары май бар?

ІV. Бағалау (оқушылардың бәрі бағаланады.)

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. 5- ті қосу және азайту.
  2. 6-ны қосу және азайту
  3. 8-ді қосу және азайту.
  4. 9 санын қосу және азайту.
  5. Бақылау жұмысы
  6. Білімді тиянақтау
  7. Білімді тиянақтау. Өзіндік жұмыс.
  8. Білімді тиянақтау.
  9. Екі амалмен шығарылатын есеп.
  10. Кестелік қосу, азайту жайында білімдерін тиянақтау

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса