6-ны қосу және азайту

0
795

45 Сабақ

Тақырыбы: 6-ны қосу және азайту

Мақсаты: 6-ны қосу және азайту кестесімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: 6-ны қосу және азайту жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: ойлау, тез, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа , өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Сабаққа психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру. №6 (80 бет)

ІІ. Негізгі сабақ

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру. (тақтамен жұмыс, интерактивтік тақтада қосу кестесі.)

№2 (өз бетімен жұмыс)

Қосындының және айырманың мәндерін тап:

8+6 14-6 6+8 14-8

9+6 15-9 6+9 15-9

Қосу кестесінен пайдаланған теңдіктерді жаз.

8+6 6+8 қандай ережені білеміз?

9+6 6+9 қосудың қандай қасиеті?

№3 (интерактивті тақта).

Өрнекті жаз және оның мәнін тап.

7 мен 3 сандарының қосындысына 3-ті қос.

13 пен 7 сандарының айырмасынан 3-ті азайт.

8 бен 2 сандарының қосындысына 4-ті қос.

14 пен 4 сандарының айырмасынан 2-ні азайт.

9 бен 1 санының қосындысына 5-ті қос.

15 пен 5 сандарының айырмасынан 1-ді азайт.

№4 (интерактивтік тақта)

а) Бірінші кесіндінің ұзындығы 10 см, ал екінші кесіндінің ұзындығы одан 3 см ұзын. Екі кесіндінің ұзындығы неше сантиметр?

Үй тапсырмасын беру, түсіндіру.

№6 -81 бет

ІІІ. Қорытынды бөлім: Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту, оқушыларды бағалау.