40 сабақ.
Тақырып: 7 санының құрамы.
Мақсаты: 1.Оқушыларды 7 саны және цифрымен таныстыру.
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, сауаттылыққы тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: суреттер, кестелер, жұмбақтар, үнтаспа
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Әр адам – туыс, бауыр, жұмағат. Әр адам – өнер, білім, ұлағат.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Қызығушылығын ояту. Қанша шеңберлер бар, санаңдар.
2) Жұмбақ шешу.
Алма бағы жайнаған. Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? / 7 /
– Үнтаспадан ешкі мен лақтардың дауысы естіледі.
Бұл ненін даусы? / жауаптар/
Дұрыс, бұл ешкі мен лақтардың дауыстары. Олай болса «Жеті лақ» ертегісін тыңдандар. Ертегі оқылады.
Балалар, біз ешкіге көмектесуіміз керек. Ол үшін алты тапсырма орындаймыз. Әр тапсырма сайын, әр лақты құтқарамыз. Ендеше, бірінші тапсырмаға көшейік.
1. Оқулықтағы суреттер бойынша теңдіктер құрастыру.
000000 0 6+1 =7 000 0000 7-3=4
00000 00 5+2=7 00 00000 7-2=5
0000 000 4+3=7 0 000000 7-6 =1
-Жарайсындар, балалар, бірінші лақты құтқардық.
2. Дәптерде жұмыс
Көркем жазу.
7 7 7
77 77 77
-Жарайсындар, балалар, екінші лақты құтқардық.
3. Кім тапқыр? Үйлеріне орналастыр.
-Үшінші лақты құтқардық.
4. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып – жұмамыз, Содан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Иықты ортқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Үлкен боп ертең шығамыз.
-Төртінші лақты құтқардық.
5. №5 дәптерде орындау. Өзіндік жұмыс.
7-7 2+0 4+1 7см -2см
6-0 3+4 6-2 5см + 1см
– Бесінші лақты құтқардық.
6. Жоғалған сандарды табындар.
– Алтыншы лақты құтқардық.
Жаңа ертегінің барысында Қасқыр Ешкі үйінің есігін бұзып кіріп еді.
Үйлері ескі екен. Енді ешкіге қасқыр кіре алмайтындай етіп, жаңа, әдемі үй салып берейік. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беру керек.
-Бесбұрыш деген не? Төртбұрыш деген не? -Үшбұрыш неген не?
-Қосудың компоненттерін ата.
-Азайтудың компоненттерін ата.
-Мінекей, үй де дайын болды. Енді кілтін ешкіге сыйлайық.
IV. Қорытынды.
V. Бағалау.