Математика 1 класс на казахском

Атрық. Кем. Тең.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

25-ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: Атрық. Кем. Тең.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Артық», «Кем», «Тең» түсініктерімен таныстыру. Заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету; таңбаларды дұрыс қолдана білу.

2.Дамытушылық: Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы білімдерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу.

Сабақтың әдісі: жазбаша, ауызша, ойын

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

Математика – толған тамаша заңдылық сән,

Математика -толған тәртіп, мағына мән.

Математика – толып жатқан терең сыр,

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыс: 43 бет

1+2 3-2 2+1 1+1 2-1

IV. Жаңа материалмен таныстыру

№1 тапсырмадағы суреттерді пайдаланып немесе басқа заттарды пайдаланып жаңа тақырыпты түсіндіру.

3 > 1 3 = 3 2 < 4

V. Оқулықпен жұмыс. №2 дәптерге орындау.

3 *4 3*2 3 *3 2* 3

2 *2 1*2 2*1 1*3

VI.Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

Кіп -кішкентай балалар,

Үп- үлкен боп өседі.

VII.Дәптермен жұмыс: 36-37 бет №1 таңбаларды жазуға үйрену.

№3 тапсырманы орындай отырып, жаңа материалды бекітуге болады.

№4 өз беттерінше орындағаннан кейін жаңа сабақты қаншалықты меңгергендіктерін тексеру керек -37 бет

Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс.

Оқулықтағы №3 -44 бет, орындау кезінде оқушылар фигураларды атайды, содан кейін суреттен кесінділерді тауып, сызғыштын көмегімен олардың ұзындығын өлшейді.

№4-44 бет «Артық фигураны тап» ойын арқылы жұмыс жүргізеді. Дәлелдеу.

VIIІ.Сабақтың қорытындысы.

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау

 

Ещё уроки серии

Все 47 уроков
  1. Азайту амалындағы сандардың атаулары.
  2. Артық. Кем.Сонша.Тең.
  3. Есеп және оны шығару.
  4. Есеп туралы түсінік . Есептердің элементтері.
  5. Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру. Бірдей. Әртүрлі.
  6. Заттардың қасиеттері. Заттарды санау
  7. Кесінділерді салу.
  8. Кеңістік туралы түсінік.
  9. Нүкте. Кесінді. Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеу.
  10. Пысықтау

Математика в 1 классе

Все предметы 1 класса