Азайту амалындағы сандардың атаулары.

0
767

24-ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: Азайту амалындағы сандардың атаулары.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қосу және азайту амалдарындағы компоненттердің атауларымен таныстыру, сөздік қорларында термин сөздерді қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік: Ұқыпты, ізетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.

Сабақтың көрнекіліктері: сандар, геометриялық фигуралар, күннің суреті, қуыршақтардың суреттері.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық /әндетіп айту/

«Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық (құшақтасады)» .

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

ІІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеуге геометриалық материалдарды қайталауға арналған тапсырмаларды енгізуге, «Не өзгерді?»,«Қандай фигура артық?»

ойындарын, «Жасырылған фигураны тап» ойын жаттығуын енгізуге болады.

ІV.Қайталау

№1 ауызша жұмыс өткендегі сабақтағы терминдерді қайталау (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

№2 тапсырма оқушыларды математикалық терминдермен таныстырады (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні). Оқушылардан қосу және азайту амалдарының компонентерінің атауларын жаттауды талап етпей, бұл терминдерді оқушылардың дұрыс қолдануына жетелеу.

V.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Әдемі етіп жазайық.

VІ.Дәптермен жұмыс №1, жасырын сандар мен амал таңбаларын қою. Қосындылардың астын сызу.

Өздік жұмыс №2 суретті қайталап салу, №5 .

Жазбаша жұмыс. Оқулықтағы №3-өрнектердің мәнін табу, №4 – есептің өрнегін құрастыру және оның мәнін табу.

Салыстыру. №5 -42 бет

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.