7 саны және цифры.

0
867
биология

39 сабақ

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.

Мақсаты: 1. Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.

2.Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша.

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, интерактивті тақта.

Пән байланысы: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық: Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай сұрақ болса болса да, Таппай оны қоймайық

ІІІ. Жаңа сабақ.

Слайд бойынша ассоциация жүргізу.

Бала қолында не үстан тұр? / шалғы/

Өткір шалғы ғой. Шалғыңды, ал да, ора ғой. Қай санға ұқсайды?

Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады.

7 (топтастыру)

7 қазына 7 қарақшы 7ата

7күн 7шелпек

7 керемет 7 мүшел

 Қазына дегеніміз – мол байлық.

 Қазына сөзін математикада 7 санымен байланыстыра аламыз.

Ендеше, біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.

1 слайд 1 – қазына – «Жүйрік ат»

«Ер қанаты -ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы-қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.

1) 1-ден 10-ға дейін сандарды тура және кері санау.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

2) Сандардың ішінен 7 санын көрсету.

3) 7 санының көршілерін атап беру.

2 слайд 2 – қазына – «Алғыр тазы»

Тазы – иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған. Тазы – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен.

1) Дәптерде жұмыс

7 санын жазу.

2) №1 теңдіктер құрастыр және жазындар.

6+*=7 5+*=7 +*=7

*+6=7 *+5=7 *+4=*

7-*=* 7-*=* 7-*=*

7-*=* 7-*=* >7-*=*

3слайд 3 – қазына – «Берен мылтық»

Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, қылыш, мылтық болған. Дұшпандарын мылтыкпен жеңген. Батырларымыз жауға осы қару – жарақпен шыққан.

1) Оқулықпен жұмыс.

№2 сандардың көршілерін ата.

* 4 * * 6 * * 5 * * 1 *

4 слайд 4 – қазына – «Ер жігіт»

«Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.

5 слайд

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім!

6 слайд 5 – қазына – «Сұлу әйел»

Әйел – ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүйеу бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел – әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі.

1) Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерінің атауларын ата.

6 слайд 6 – қазына – «Қыран бүркіт»

Қыран бүркітті ата-бабаларымыз балапан кезінен баулап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, түлкінің терісінен тымақ, ішек, тон жасап киген.

1) №5 кесінділерді өлшеп, салыстыр.

см * см

7 слайд 6 – қазына – «Ілім – білім»

Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер дүниеге келді. Сондықтан ілім-білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

1) Ойын «Орынды тап» Оқушыларға сандар таратылып беріледі, сандарды ретімен қойғанда мақал шығады: « ОҚУ – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»

7 санына байланысты мақал – мәтелдер айтып беру.

1. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.

3. Жеті атасын білмеген жетесіз.

ІV. Қорытынды