8 саны және цифры.

0
982

42 сабақ

Тақырып: 8 саны және цифры.

Мақсаты: – Оқушыларды 8 саны және цифрмен таныстыру.

– Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.

– Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, көгершіндердің суреттері

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.

ІІІ. Өткенді қайталау.

а) 1 2 3 4 5 6 7 сандарды тура санау, кері санау.

ә) Логикалық ойын-жұмбақ.

Көлден ұшты жеті қаз, Бес асықтың екеуін, Қайтып қонды екі қаз. Досым сұрап алады. Қонбады оның нешеуі? Айтшы сонда нешеуі, Қане, кім тез шешеді? / 5 қаз/ Өз қолымда қалады? /3 асық/

ІV. Жаңа сабақ.

-Балалар, аспанда ұшып келе жатқан нелер? /көгершіндер/

-Нешеуі ұшып келді? /7/

-Қарандар , тағы нешеуі ұшып келді? /1/

-Балалар, көгершін, қандай құс? / бейбітшілік құсы/

-Біздің елімізде тиыштық пен бейбітшілік болсын!

-Қанекей, балалар барлық көгершіндерді санап көрейікші.

-Қанша шықты? / 8 /

Осы суретке қарап , өрнек құрастырайық.

7 санына + 1 санын қоссақ шығады 8 саны.

7+1=8

V. Дәптерімізді ашайық , әдемі 8 санды жазайық.

Сегіз саны құрылған Қос дөңгелек – шеңберден. Үлкен шеңбер үстіне Кіші шеңбер жанасқан.

8 санына байланысты қандай мереке бар? / 8 наурыз /

– 8 наурыз қандай мереке?

Дүниеде ең жақын адам, ол кім? / ана /Аналарымызға гүл сыйлайық. Поэзия минуты.

Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың. Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсын.

а) №1 Теңдіктер құрастыру.

* +*=8 * +* =8 * +* =8

* + * =8 * +* =8 *+*=8

8-* = 8-* = 8-*=

ә) №3 Фигураларды атап. Кесінділерді өлшеп, сыз және салыстыр.

см * см см* см см* см

VI.Сергіту сәті

Бір, екі, үш қарлығаш боп ұш,

Төрт ,бес, алты қарлығаш боп қалқы.

Жеті , сегіз, тоғыз, он

Қайта орныңа қон.

VII.«Көршінді тап» ойыны.

 6 ,  5  ,  3  ,  7  ,  2 

VIII. «Қызықты математика»

*Саянда болды 8 алма

Сайданға берді 4 алма.

Ойланып, кәне , көрейік –

Саянда қалды қанша алма? 8 -4 =4

*Бәйгеге шықты жануарлар

Алға шықты бесеуі.

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7

*Айманда бюолды бес алмұрт,

Әселге берді екі алмұрт.

Айманның қалды қолында

Неше алмұрт тез ойла? 5-2=3

*Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан.

Бес қиярды алғанда

Қанша қалды дорбада? 8-5=3

ІХ. Қорытынды.