4 саны және цифры. Төртбұрыш, шаршы.

0
787
школьница

22-ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры. Төртбұрыш, шаршы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 4 санымен және 4 цифрынын жазылуымен, 4 санының құрамымен таныстыру; төртбұрыш, шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Танымдылық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы білімдерін қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу, ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: Қожанасырдың суреті, қоржын, асықтар, ою түрлері.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Психологиялық дайындық

Кел, достар ,

Шырқайық әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде!

ІІІ.Тірек білімдерін пайдалану.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

«Балдырған», «Балауса»

1. «Қоржын той» ойыны. Қоржынның ішінен 4 асықты бір -бірден алады да, ондағы тапсырмаларды орындайды.

1.Аптаның жеті күнін ата: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына.

2. Төрт түлік малды атау.

ІV.Жаңа материалмен таныстыру.

1.«Орамал тастамақ» ойыны №1 -38 бет

3 +1

1 +3

4 -3

4 – 1

2 + 2

4-2

3-1

2-1

№2 тапсырма дәптерде оқушылардың өздері орындауға берілген. Бұл тапсырманы орындамас бұрын 4 санының құрамы қайталанады.

2.- Ауызша жұмыс. №3 жаттығуды ауызша орындау кезінде 4 -ке деген тура және кері санауға жаттығады.

-Геометриялық фигуралармен жұмыс.

3. «Бәйге» жарысы. №5-39 бет геометриялық фигураларды топтап жинау.

Төртбұрыш, шаршы туралы түсініктеме беріледі. Бірнеше үшбұрыштар беріледі және 1 төртбұрыш. Бұл кезде «Артық фигураны тап» деген ойынды жүргізуге болады.

№4 тапсырмадағы төртбұрыштардың әр түрімен танысады.

V. «Тақия тастамақ» ойыны. Логикалық тапсырма. №4- 39 бет

№6 тапсырманы оқушылар дайындалған қиындылардан геометриялық фигура құрастырады.

VІ. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық ,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Шынығып алайық.

VІІ. Дәптермен жұмыс -33 бет. Кім дәптерде тез, жылдам берілген тапсырманы орындайды соған, Қожанасыр ата әкелген әдемі оюларын сыйлайды.

№1 -4 саның жазып үйрену. №3 тапсырма берілген сандар бойынша шаршы суретін салу.

№4 оқушылар нүктелерді дұрыс қосуды үйренеді және төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.