3 саны және цифры. Үшбұрыш.

0
925
рисование

19-шы сабақ

Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры. Үшбұрыш.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 3 саны және цифрымен таныстыру; сан сәулесі туралы түсініктерін қорытындылау; үшбұрыш, оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекіліктері: сандар, гүлдер, үнтаспа,

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

Күй тартамыз күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді.

Би билейміз ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты.

ІІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарға ұқсас жаттығулар мен ойындарды пайдалануға болады.

ІV.Жаңа материалмен таныстыру.

3 санын шығарып алу тәсілімен таныстыру балалармен практикалық жұмысты орндау негізінде құрылады. Мұғалім оқушының 1 көк және 1 қызыл үшбұрышты тақта алдына қоюын сұрайды:

-Үшбұрыш нешеу болды?

-Үшбұрыштардың санын көрсететін карточканы қатарына қой.

-Оларға тағы 1 үшбұрышты қос.

– Неше үшбұрыш болды? 3 үшбұрышты қалай шығарып алдың? Осыған ұқсас практикалық жұмысты мұғалімнің айтуымен балалар парта да орындайды. Осы сабақтан бастап, әрбір жаңа санмен танысу сан сәулесінің көмегімен ұйымдастырылады. Мұғалім балаларға сан сәулесінің шексіз екенін түсіндіреді. Содан кейін мұғалім 3 санының сан сәулесіндегі орнын, санының қалай таңбалатынын көрсетеді.

Ары қарай №1 тапсырмадағы 3 санына дейін толықтыру жұмысын орындайды.

Қосу мен азайтудың өзара байланысын көрсетеді.

Жұмыстың келесі кезеңі 3 санының құрамымен таныстыру болып табылады. Ол үшін мұғалім жинақ полотносына 3 үшбұрышты (2 көк, 1 қызыл ) қояды:

-Барлығы неше үшбұрыш?

– Көк үшбұрыш нешеу?

-Қызыл үшбұрыш ше ? Тапсырманы орындау барысында оқушылардың «3 -бұл 2 мен 1» деген қорытынды жасауы маңызды.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №2 тапсырма ұсынылады. Мұғалім оқушылардан тура және кері санауды сұрайды. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Оң жақтағы әр бағанда неше текше артық немесе кем ? Біреуі артық – бұл келесі сан. Біреуі кем -бұл алдыңғы сан»

2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыруға болады (ойындарға берілген нұсқауға қара).

Геометриялық материалды түсіндіру.

№3 тапсырманы орындау кезінде мұғалім белгілеріне қарай үшбұрышты табуды ұсынады. «Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Тағы қандай фигураларды атай аласың?»

Геометриялық фигуралардың элементтерін дұрыс атап, оларды сызбадан көрсете білуді үйрету қажет. № 4 тапсырма логикалық ойлауларын дамытуға бағытталған.

V. Сергіту сәті.

VІ. Дәптермен жұмыс.

№1 тапсырма цифрын дұрыс жазуға үйретуді көздейді.

№2 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Осы фигураларды көшіріп салуды сұрап, тапсырманы ары қарай күрделендіруге болады. Мұғалім балалардың назарын фигура дәл болып шығу үшін нүктелердің арасындағы торкөздерді санау керек екеніне аударады .

№3 тапсырма өрнектерді сәйкес суретпен сызық арқылы қосады.

№4 тапсырмада суретті 3-ке дейін толықтырады. Қасындағы бос орынға сәйкес өрнекті жазады.

VIІ. Сабақты қорытындылау.

VIІІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.