Математика 1 класс на казахском

10 санының құрамы.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

50 сабақ

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез -келген 10-нан кем санды 10-ға дейін толтыру.

2.Дамытушылық: Танымдылығын дамыту, сабаққа қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ойын, салыстыру , түсіндіру әдістері

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекіліктері: сандар , сандар құрамы , суреттер.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық .

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1)Ойын: «Тауық жұмыртқасын рет -ретімен орналастыр»

. сандарды өсу ретімен орналастыру.

2) Сандар құрамын қайталау. Ойын : «Кім жылдам?»

9 санының құрамын қайталау.

9 9 9 9

IV. Жаңа материалмен таныстыру .

Практикалық түрінде

1. «Алма жинау» ойынын қолдануға болады.

0+1 1+1 2+1 3+1 ….. 9+1.

-біз 10 санын білеміз . Ендеше бүгін 10 санының құрамымен танысамыз. Алма санау арқылы 10 санының құрамымен танысу.

2. №1 -85 бет

10 10 10 10 10

V.Сергіту сәті.

Бір дегенің -бесігіңді түзеуң

Екі дегенің -Егеменді елдігің

Үш дегенің – ана тілің асылың

Төртіншіңіз -төрелікке сайлаған.

Нұсултандай атамыз бар сыйлаған

Бес дегенің берекелі болғаның

Балдырғандай өніп, өсіп толғаның.

VI.Дәптермен жұмыс №3-85 бет

VIІ. Өзіндік жұмыс №4-86 бет

VIІІ. Логикалық тапсырма . «Керекті бөлікті тап»

Х.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

 

Ещё уроки серии

Все 47 уроков
  1. 10 саны. Бір таңбалы жэәне екі таңбалы сандар. Сандар қатары
  2. Сандар қатарының қасиеттері.алдынғы және кейінгі сан.
  3. 2 саны және цифры. Сәуле. Бұрыш.
  4. 3 саны және цифры. Үшбұрыш.
  5. 4 саны және цифры. Төртбұрыш, шаршы.
  6. 5 саны және цифры. Бесбұрыш.
  7. 6 саны және цифры
  8. 6 санының құрамы.
  9. 7 санының құрамы.
  10. 7 саны және цифры.

Математика в 1 классе

Все предметы 1 класса