Сандар қатарының қасиеттері.алдынғы және кейінгі сан.

0
1096
программирование

53-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сандар қатарының қасиеттері.алдынғы және кейінгі сан.

Сабақтың мақсаты: 1. Сандар қатарының негізгі қасиеттерімен таныстыру, сан сәулесі негізінде бірліктерді азайту, қосу дағдыларын бекіту; «алдыңғы»,

«кейнгі» ұғымдарымен таныстырып, оларды ауызекі сөйлеуде қолдануға үйрету.

2. Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.

І.Психологиялық дайындық.

«Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер -Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанамын мен.»

ІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа материалды меңгеруге дайындық ретінде ауызша санауға суретті полотноға немесе тақтаға біртіндеп қосуға арналған жаттығуларды қолдануға болады.«Тізбек», «Үндемес», «Көрші сандарды ата», «Санды таны» т.б.ойындар ұйымдастырылады.

ІІІ.Жаңа материалды меңгеру.

Оқулықпен жұмыс кезінде оқушылар мұғалімнің:«5саның оң жағында қандай сан тұр? Сол жағында ше?» деген сұрақтарына жауап береді. Оқушылар оң жақта 5-тен артық, сол жақта 5-тен кем сан тұратындығына көздерін жеткізеді. «Алдыңғы» және «кейінгі» ұғымдары түсіндіріледі. Дәптердегі №1тапсырма орындалады.

Алғакшқы алған білімдерін бекіту үшін №2 тапсырмада берілген кесте толтырылады

± 1.Тапсырма алдын ала тақтаға жазылып қойылады.Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып алдыңғы және кейінгі сандарды түсіндіре отырып жазады: «Егер бірге артса немесе тағы бірді қоссақ, онда келесі сан шығады. Егер бірге кемітсек немесе бір бірлікке азайтсақ, онда алдыңғы сан шығады.

1

4

6

8

9

3

7

5

2

2

10

8

1

4

3

7

6

2

5

9

ІV.Өткен материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар №3 тапсырманы дәптерге берілген. Оқушы жауаптары мынадай болады:«5 саны 4-ке қарағанда артық , өйткені сан сәулесінде 4саны 5-тен бұрын тұр»

V.Сергіту сәті

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді,

Орнына отырды.

VI.Дәптермен жұмыс. №4 тапсырма.

№5 тапсырма-90 бет.Ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.

VІI. Сабақты қорытындылау.

VIІІ. Оқушыларды мадақтау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь