Сабақтың мақсаты : Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру.
Жетістік критерийлер:
– С. 1.Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.
2.Төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.
– В.1.Шағын әңгіме құрастырады.
2.Бір – бірімен диалогқа түседі.
– А. 1.Жоғары дәрежелі сұраққа Клише арқылы жауап бере алады.
Негізгі дерек көздер : оқулық қазақ тілі.2сынып, А.Қайырбекова. Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары.
Сабақтың әдіс- тәсілдері :«Ыстық орындық» әдісі,Миға шабуыл, сұрақ-жауап
| 
 Сабақтың кезеңдері  | 
 Уақыт  | 
 Мұғалімнің іс-әрекеті  | 
 Оқушының іс- әрекеті  | 
 Деректі көздер  | 
||||||
| 
 Ұйымдастыру кезеңі Психологиалық ахуал туғызу.  | 
 4 мин.  | 
 Оқушыларды шеңберге қойып қолмен, аяқпен, көзбен амандастыру .  | 
 Оқушылар шеңберге тұрып қолмен, аяқпен, көзбен амандасады. Топтың ішінен топ басшысы, тайм – кипер, хатшы, баяндамашы  | 
|||||||
| 
 Топқа бөліну  | 
 1 мин  | 
 Топқа түрлі түстер арқылы бөлінеді. Бағалау парақтарын таратады.  | 
 Топ мүшелерін сайлайды.Бағалау парақтарын алады.  | 
 Бағалау парақтары  | 
||||||
| 
 І. Білу  | 
 5мин  | 
 «Қар үйіндісі » әдісі арқылы өткен сөздерді еске алып, қайталау. Мұғалім АКТ-ны құрал ретінде қолданып сөзжұмбақ береді. Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шығады. Сөзжұмбақтың сөзі – гүлдер  | 
 Әр топ білген сөздерін доп арқылы қайталап шығады кім көп сөздерді аударса, сол топқа ұпай беріледі. Оқушылар бір –бірін қолпаштау арқылы бағалайды.  | 
 Доп Интербелсенді тақта  | 
||||||
| 
 ІІ.Түсіну  | 
 8мин  | 
 Біздің тақырыбымыз: «Менің сүйікті ісім –гүл өсіру». Оқушыларға гүлді қалай күту керек туралы қысқаша видео ұсынады. -Ал, балалар бұл үзіндіде не көрдіңдер? -Гүлдер қандай болады? – Гүлдерді күту қиын ба? Оқулық бойынша сөздікпен жұмыс  | 
 Әр топ тақырыпты дәптерге жазады. Видеоны мұхият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Жаңа сөздермен жұмыс істейді. Сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастырып 1 тапсырманы орындайды.Сонында тексеріп бағалайды. Бармақтан шыңтаққа дейін.  | 
 Сөздіктер Үш түсті бағдаршам  | 
||||||
| 
 Сергіту сәті  | 
 2мин  | 
 «Қызыл өрік» әні арқылы дене қимылын көрсетеді  | 
 Оқушылар дене қимылын жасайды.  | 
|||||||
| 
 ІІІ. Қолдану  | 
 8мин  | 
 Әр топқа тапсырма беріледі. 1.Мәтінді оқу. 2.мәтінді аудару. 3.Мәтіннің ішінен тек жуан сөздерді дауыстап оқу.  | 
 Оқушылар әр топта тапсырмаларды орындайды. Дәптерлерімен алмасып, бір –бірін тексереді.  | 
|||||||
| 
 І V . Талдау  | 
 7мин  | 
 Әр топқа карточка беріледі.суреттің орныңа сөздер қою. Әр топ сөйлем құрастырады. Постермен жұмыс  | 
 Оқулыққа сүйеніп, сөйлем құрастырады. Бір –біріне дауыстап оқиды.Постерге жазып, суретін салады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалау бойынша бір –бірін бғалайды.  | 
 стикерлер  | 
||||||
| 
 V. Жинақтау  | 
 5мин  | 
 «Менің сүйікті гүлім» туралы интервью беру.  | 
 Оқулық бойынша сұрақтарға жауап береді.Қолпаштау арқылы бағалайды.  | 
|||||||
| 
 VІ.Үй жұмысын беру. Бағалау  | 
 5мин  | 
 Оқушыларға парақтар таратылады. 
 Мұғалім бағалау парақтарын таратады. Бағдаршам арқылы қызыл – түсіндім, білдім Сары – онша емес Жасыл – түсінбедім, білмедім.  | 
 Топтың спикерлері бағалау критерийлерге сүйеніп бағалайды.  | 
 Бағалау критерийлері  | 
			
		











