Қазақ тілі 3 класс на казахском

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта білуге машықтандыру. 2-сыныпта алған білімдерін жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану арқылы тілдесім әрекетіне баулу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма.

1. Сөздік жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.

2. Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.

3. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда аудармалық жұмыс жасату арқылы айтылым әрекетін шыңдау.

4. 4-тапсырмадағы сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр оқушының өз атасы туралы айтып беруін талап ету.

5. Әдептілік сауаттылығын бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату. Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға қайталату.

6. Грамматикалық тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша орындату. Ережені оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.


 

Ещё уроки серии

Все 25 уроков
  1. Сабақтың тақырыбы: Менің заттарым.
  2. Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім.
  3. Сабақтың тақырыбы: Уақыт.
  4. Сабақтың тақырыбы: Қалада. Ауылда.
  5. Тақырыбы: Ауыл
  6. Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық
  7. Тақырыбы: Мектептің спорт үйірмелері
  8. Тақырыбы: Спорт
  9. Тақырыбы: Спорт алаңында
  10. Тақырыбы: Стадион

Қазақ тілі в 3 классе

Все предметы 3 класса