Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру және сурет бойынша әңгімені құрастыруға үйрету.
Сабақтың мiндеттерi: – оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
– оқушылардың сөздiк қорын байыту;
– оқушылардың өз отбасына сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.
Сабақ барысы
| 
 Сабақ кезеңдерi  | 
 Мұғалiмнiң iс-әрекетi  | 
 Оқушылардың iс-әрекетi  | 
| 
 1. Ұйымдастыру кезеңi.  | 
 Сәлемдесу, отырғызу.  | 
|
| 
 2.Қызықтыру  | 
 Үйім деген сөзге ассоциативтік қатар жазғызу (жеке жұмыс).  | 
 Оқушылар өз бетінше 2 минут дәптерге үйім деген сөзге ассоциативтік қатар жазады. Мысалы: кең, жарық, керует, оң жақта, сол жақта және т.б.  | 
| 
 3.Мағынаны ажырату  | 
 Жаңа сөздермен таныстыру: оқу; аудару; жеке, хормен қайталау; жай сөйлемдерді құрастыру. Сөздер: үш бөлмелі – трехкомнатная, дәліз – прихожая, кіре берісте – при входе, ұйықтайтын (жатын) бөлме – спальня, ас үй – кухня, қонақ бөлмесі – гостиная, балалар бөлмесі – детская, жуынатын бөлме – ванная комната, әжетхана – туалет, кілем – ковер, әшекейілген – украшена. Сұхбатты құрастыру. – Сенің мекен-жайың қандай? – Менің мекен-жайым 6 шағынаудан, 10 үй, 23 пәтер. – Пәтерің неше қабатты? – Пәтерім үш қабатты. – Кіре берісте не орналасқан? – Кіре берісте дәліз орналасқан. – Тағы қандай бөлмелер бар? – Ұйықтайтын бөлме, қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме мен әжетхана. – Сенің пәтерің қандай? – Менің пәтерім үлкен, жарық, таза, жылы. Жазбаша жұмысты дәптерге өз бетінше орындау. – Фонетикалық талдау жасау: пәтер. – Тәуелдеу: бөлме, ас үй. – Жіктеу: тұрғын, көрші.  | 
 Оқушылар сөздерді оқиды, хормен қайталайды, сөйлемдерді құрастырады. Берілген сөздер және суреттер бойынша сұхбатты құрастыру (топпен жұмыс).  | 
| 
 4. Ой толғанысы  | 
 Әр топ жасаған сұхбатты қорғайды. Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.  | 
 Әр топтан екі оқушы шығып, жасалған сұхбатты қорғайды.  | 
| 
 5. Үй жұмысын беру.  | 
 Менің үйім деген сұрақ-жауапты жаттау.  | 
 Күнделікке үй тапсырмасын жазады.  | 
| 
 6. Бағалау.  | 
 Жазбаша жұмыстарын тексеріп, бағаны журналған қояды.  | 
			
		











