Сабақтың тақырыбы: Менің үйім.

0
893
программирование

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру және сурет бойынша әңгімені құрастыруға үйрету.

Сабақтың мiндеттерi: – оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың сөздiк қорын байыту;

– оқушылардың өз отбасына сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдерi

Мұғалiмнiң iс-әрекетi

Оқушылардың iс-әрекетi

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, отырғызу.

2.Қызықтыру

Үйім деген сөзге ассоциативтік қатар жазғызу (жеке жұмыс).

Оқушылар өз бетінше 2 минут дәптерге үйім деген сөзге ассоциативтік қатар жазады.

Мысалы: кең, жарық, керует, оң жақта, сол жақта және т.б.

3.Мағынаны ажырату

Жаңа сөздермен таныстыру:

оқу;

аудару;

жеке, хормен қайталау;

жай сөйлемдерді құрастыру.

Сөздер:

үш бөлмелі – трехкомнатная,

дәліз – прихожая,

кіре берісте – при входе,

ұйықтайтын (жатын) бөлме – спальня,

ас үй – кухня,

қонақ бөлмесі – гостиная,

балалар бөлмесі – детская,

жуынатын бөлме – ванная комната,

әжетхана – туалет,

кілем – ковер,

әшекейілген – украшена.

Сұхбатты құрастыру.

– Сенің мекен-жайың қандай?

– Менің мекен-жайым 6 шағынаудан, 10 үй, 23 пәтер.

– Пәтерің неше қабатты?

– Пәтерім үш қабатты.

– Кіре берісте не орналасқан?

– Кіре берісте дәліз орналасқан.

– Тағы қандай бөлмелер бар?

– Ұйықтайтын бөлме, қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме мен әжетхана.

– Сенің пәтерің қандай?

– Менің пәтерім үлкен, жарық, таза, жылы.

Жазбаша жұмысты дәптерге өз бетінше орындау.

– Фонетикалық талдау жасау: пәтер.

– Тәуелдеу: бөлме, ас үй.

– Жіктеу: тұрғын, көрші.

Оқушылар сөздерді оқиды, хормен қайталайды, сөйлемдерді құрастырады.

Берілген сөздер және суреттер бойынша сұхбатты құрастыру (топпен жұмыс).

4. Ой толғанысы

Әр топ жасаған сұхбатты қорғайды.

Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.

Әр топтан екі оқушы шығып, жасалған сұхбатты қорғайды.

5. Үй жұмысын беру.

Менің үйім деген сұрақ-жауапты жаттау.

Күнделікке үй тапсырмасын жазады.

6. Бағалау.

Жазбаша жұмыстарын тексеріп, бағаны журналған қояды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь