Математика 2 класс на казахском

Уақыт және оны өлшеу.Сағат (сағ). Минут (мин).

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

23-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оны өлшеу.Сағат (сағ). Минут (мин).

Мақсаты:Қандай да қайталайтын құбылысты сипаттайтын шамалардың бірі ретінде уақыт аралығы жайында түсінік беру және оның бірліктері сағатпен және минутпен таныстыру; сағат және минуттың ара қатынасын тағайындау, өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтау; сандарды және сәйкес шамаларды қосу мен азайтуды салыстыра қарастыру; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.

I.Ұйымдастыру сәті

II.Тірек білімді еске түсіру

А) Ассоциация картасын құру.

-Осы сөзді естігенде,сендердің бастарыңа қандай ой келеді?

-Неліктен уақытты үнемдеу керек?

-Уақыт жайында қандай мақалдарды білесіңдер?

Балалар ассосациясы жазылады.Барлық сөздердің ішінен сабақта қолданылатын сөздер айшықталып бөлініп алынады.

Ә)Ойын: «Сағат сатып ал»

Адамға ең қажет нәрсенің бірі – сағат. Ол әрбір уақыттың маңызды екенін көрсетіп тұрады. Сондықтан өздеріңе ұнаған сағатты сатып алыңдар.


III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

Өздерің таңдаған сағатпен танысамыз.

№1.Сағат моделі пайдаланылып, практикалық жұмыстар жүргізіледі. Қолдарындағы сағат модельдерімен оқушылар бір сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты анықтауға жаттығады. Толық дөңгелекті минуттық тілдің бір айналып шығуы 1 сағат, ал 1сағ=60 мин екенін мұғалім түсіндіреді.

№2.Практикалық жұмыс.

Еркін талқылау түрінде жұмыс жалғасады. Қолдарындағы сағат модельдерімен оқушылар қашан ұйқыдан тұратынын, ойнайтынын, демалатынын, сабаққа баратынын, ұйықтайтынын т.с.с. бір сағатқа дейінгі дәлдікпен көрсетуді талап етеді.

№3. Жұппен жұмыс.Уақыт 2-3 минут.Оқушылар жолдасына неліктен сағат тілдерінің осылайша

орналасатынын түсіндіреді. Осыдан соң қажетті түзетулер енгізе отырып, мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

№4.Математикалық диктант.

Жауаптың дұрыс нұсқалары тақтаға ілініп, оқушылар өзара тексеруді орындайды. Жиі кездескен қателер бойынша талдау жүргізіледі.

Сергіту сәті

Суреттегі қоян әрбір 13-ші сәбізді жегенде ең соңынан қызыл сәбізді жейді екен. Сағат тілінің бағытымен санағанда қай сәбізден бастап жейді?

№5.Есепті шығару мұғалім басшылығымен тақтада жүргізіледі. Бір кері есеп талқыланады және жазылады. Екінші кері есепті оқушыларға өздігінен жазу ұсынылады.

Рефлексия.

№6. Ойын жарыс:«Кім жылдам?»

Оқушы бір минут ішінде жауаптың нұсқаларын ғана жазады. Жұмыс алдында шамаларды қосудың ерекшелігі міндетті түрде еске түсіріледі.

Топпен жұмыс. «Менің күн режимім» жобасын дайындап,қорғау

Үй тапсырмасы. 43-бет, «Жасыл қоршау»

 

Ещё уроки серии

Все 49 уроков
  1. Санды теңдіктер және теңсіздіктер.
  2. 21-сабақ.Қайталау
  3. Тәулік. Жыл. Ғасыр.
  4. Амалды орындаудың рет тәртібі.
  5. Өзіндік жұмыс
  6. Қосу мен азайту 23+2 25-2
  7. Қосу мен азайту 26+30 56-30
  8. Қосу және азайту(3+56,30+24)
  9. Қайталау.
  10. 2санын қосу және азайту.

Математика в 2 классе

Все предметы 2 класса