Химиялық реакция теңдеулері .

0
1226
иинформатика

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері .

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық реакция теңдеулерін жазу, коэффициент қою,жазылған реакция теңдеулерін білу икемділіктерін қалыптастыру. Дамытушылық: реакция теңдеулерін теңестіре отырып логикалық ойларын дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Кестеге жазылған алгоритм, элементтердің валенттілігі көрсетіл- ген кесте.

Тірек білім мен біліктер: Заттың құрам тұрақтылық қағидасы, зат массасының сақталу заңы, химиялық формулаларды құрастыру.

Білім мен біліктерін тексеру: Заттың құрам тұрақтылығы жөніндегі қағида, қоспа мен химиялық қосылыстарды ажыратуға, химиялық қосылыс құрамын формула арқылы көрсетуге мүмкіндік туғызды.

1. Зат массасының сақталу заңының маңызы неде ?

Бұл сұраққа оқушылар өткен сабақта алған біліміне сүйене отырып жауап береді.

Мұғалім оқушылардың пікір алысуын, ойлау іс-әрекетін басқара отырып, тек зат масса- сының сақталу заңының ашылуы нәтижесінде химиялық формулаларды теңдеу ретінде көрсетуге мүмкіндік туды деген қорытындыға келтіру керек .

Осыдан кейін мұғалім оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырып өтіп, жаңа материалды түсіндіруге кіріседі:

Судың айырылу реакциясын мысалға ала отырып теңдеудің сол жағы мен оң жағындағы формулаларды, қойылатын таңбаларды, индекстерді жазып көрсеткеннен кейін мұғалім химиялық реакция теңдеуінің коэффициенті деген жаңа ұғымды түсіндіреді. Оқушы коэффициенттің не үшін керектігін білу қажет. Осы мақсатта оқушыларға мынадай сұрақ беріледі:

1. Химиялық реакциялардың мәні неде?

Мұғалімнің оқушыларды химиялық реакцияның мәні бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуында деген тұжырым жасауына бағдарлау керек. Осыған сүйене отырып, мұғалім реакцияны коэффициент арқылы теңестіруді көрсетеді. Химиялық теңдеу коэффициенті жөніндегі білімін бекіту мақсатымен оқушыларға бірнеше теңдеуді теңестіру тапсырылады .

1/ ? AL + S = AL2S3

2/ ? Ca + O2 = ? CaO

3/ ? Fe + O2 = ? Fe2O3

Химиялық теңдеуді қалай оқуға болатындығын мұғалім көрсеткеннен кейін тақтадағы реакция теңдеулерін оқушыларға оқытады .

Жалпы бұдан былай қарай әрбір жазылған формуланы , химиялық теңдеуді ауызша оқытып отыру қажет, яғни оқушыларды химиялық тілмен сөйлей білуге дағдыландыра білген жөн . Оқушыларға химиялық теңдеулер дегеніміз не? деген сұрақ қойылады. Әрине оқушылардың жауабы толық дұрыс болмауы мүмкін . Бірақ бұл сұрақтың қойылуы оқушыларды ойландырып, сабақ барысында алған білімін қорытындылай білуге үйретеді.

Содан кейін мұғалім химиялық теңдеудің алгебралық теңдеуден айырмашылығына тоқталып өтеді .

Оқушылар химиялық теңдеулерді құру ережесін оқулықтан оқып , танысқаннан кейін төмендегі алгоритмді құрады. Ол үшін мұғалім алгоритмнің әрбір жолын өзінің қойған сұрағына жауап алғаннан кейін тақтаға жазып отырады немесе алгоритм кесте түрінде жазылған болса, мұғалім есепті шығару жолдарын қайталағаннан кейін таныстырып шығады. (Оқулықтан қарауға болады.)

Жаңа материалды бекіту:

1.Мына реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз:

а) N2 + H2 ¾ NH3 ә) CO + O2 ¾ CO2

б) Al + Cl2 ¾ AlCl3 в) KOH + H 2 SO 4 ¾ K2SO4 + H2O

г) MnO2 + H2 ¾ Mn + H2O

2.Реакция нәтижесінде шыққан заттардың формуласын валенттігі бойынша құрыңыз, және реакция теңдеулерінің коэффициенттері қойып теңестіріңіз:

III II II II V II

а) Al + S ¾ Al S ә) Ba + O2 ¾ Ba O б) P + S ¾ P S

Үйге тапсырма беру: §114. (1-8) Жұмыс дәптері.

химия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь