Болаттың белгісі. Диалог.

0
628

Сабақтың тақырыбы: Болаттың белгісі. Диалог.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

диалогты түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: диалогты меңгеру, әңгіме туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің ауылым» тақырыбына реферат жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Болаттың белгісі» мәтінімен топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. мәтіндегі қиын және тірек сөздерді табады

2- тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді мағынасына қарай екінші бағандағы сөздермен

сәйкестендіріп жазыңдар.

3 – тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырыңдар.

Ережемен жұмыс

Диалог – екі немесе одан да көп адамның сөйлескен сөзі. Мысалы:

– Сен жазда ауылға барасың ба?

– Иә, мен жазда ауылға барамын.

– Ауылда кім тұрады.

– Ауылда атам мен әжем тұрады.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1-тапсырма («Болаттың белгісі» мәтінін мазмұндау).

Өздері таңдаған тақырыпқа диалог құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау