Қазақ тілі 5 класс на казахском

Біздің мұғалім. Омоним.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Біздің мұғалім. Омоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

омонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: омонимдерді меңгеру, өз мұғалімдері жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2- тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Біздің мұғалім» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Омоним болатын сөзді табыңдар.

2 – тапсырма. Өз мұғалімің туралы айтыңдар.

1) мінезі (мейірімді, мейірбан, тік, ашық)

2) бойы (ұзын, қысқа, орта бойлы)

3) көзі, шашы (түсі – қара, сары, көк)

4) киімі (әдемі, жарасымды)

Бес жолды өлең

1. Зат есім – мұғалім

2. Сын есім – ұқыпты, үлгілі

3. Етістік – сабақ береді, түсіндіреді, әзірлейді

4. Сөйлем – Ұқыпты мұғалім сабақты уақытында әзірлейді.

5. Синоним – ұстаз, оқытушы

Ережемен жұмыс

Жазылуы бірдей, мағыналары басқа сөздер омоним деп аталады. Мысалы:

Ара – 1. пчела 2. промежуток 3. пила

Қара – 1. черный 2. смотри

Түс – 1. цвет 2. слез 3. сон 4. обед

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма (Сұрақтарға жауап беру)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз. Негізгі және туынды зат есім.
  2. Біздің мектептегі спорт үйірмелері. Синоним.
  3. Біздің қала. Табыс және жатыс септіктері.
  4. Біздің үй. Тәуелдік жалғаулары
  5. Біздің Отанымыз.
  6. Біздің сынып
  7. Бір үйде біз нешеуміз? Жекеше, көпше түрлері
  8. Бұл кімдер? Сын есім
  9. Бұл қай кез ? Сөз құрамы.
  10. Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса