Біздің мектептегі спорт үйірмелері. Синоним.

0
673

Сабақтың тақырыбы: Біздің мектептегі спорт үйірмелері. Синоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

синонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: синонимдерді меңгеру, спор үйірмелері жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Аңсау» мәтінін мазмұндау. Сөздердің антонимін табу. Қатемен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Біздің мектептегі спорт үйірмелері» мәтінін оқып, мазмұнын айтып

беріңдер. Синонимі бар сөздерді табыңдар.

2 – тапсырма. Сөйлесуді жалғастырыңыз.

– Сенің мектебіңде спорт үйірмелері бар ма?

– …

– Сен қандай спорт үйірмесіне қатысасың?

– … .

Сөздік диктант

Спорт үйірмелері, шұғылдану, жұмыс жасайды, волейбол, тоғызқұмалақ, қатысамын, белсенді қатысады, ойнайды, жүгіреді, секіреді

Ережемен жұмыс

Синоним сөздер – мағыналары бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы; мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Біздің мектептегі спорт үйірмелері» мәтінін мазмұндау.

«шұғылдану, жұмыс жасайды, жер» сөздерінің синонимін табу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау